Краудфандингке өтінім берушілер AFSA-да толық реттеу режиміне өтеді
«Қарыздық краудфандинг платформасын басқару» және «Инвестициялық краудфандинг платформасын басқару» (краудфандинг қызметі) нарықтық қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтінім берген компаниялар толық реттеу режиміне жатады және AFSA лицензиялау бөлімінен қызметке рұқсат алады (енді AFSA FinTech Lab зертханасынан емес). 2023 жылы 20 желтоқсандағы № AFSA-F-NB-2023-0012 хабарламасына сәйкес дереу күшіне енеді.
Бұрын краудфандингтік қызметке лицензия алған AFSA FinTech Lab мүшелері бірнеше жылдан бері өз жобаларын AFSA FinTech Lab ортасында сәтті сынап келді.
Жалпы алғанда, FinTechLab реттеуші құмсалғыш жұмыс істеп тұрған кезде краудфандинг қызметіне 10 лицензия беріп үлгерді. Қазіргі уақытта FinTech Lab төрт платформа бойынша өздерінің бизнес модельдерін сынауда.
Осы уақыт ішінде краудфандингтік компаниялар АХҚО қаржы қызметтері индустриясында қалыптасқан бизнес-модель ретінде өз статусын көрсете алды. FinTech Lab ортасында осы тестілеу кезеңінен кейін AFSA краудфандинг қызметі үшін кешенді реттеу базасын қабылдады. Айта кетейік, 2023 жылдың үшінші тоқсанының соңына қарай АХҚО-дағы краудфандингтік платформалар шамамен 35 млн доллар сомаға 300-ден көп жобаны қаржыландырды.
Краудфандинг қолдайтын жобалар ақпараттық технологиялар, құрылыс, көтерме әрі бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, өндіріс және машина жасау сияқты әртүрлі салаларда ұсынылған. Мұндай кең қызығушылық краудфандингтің экономикалық дамуда, қаражатты қайта бөлуде және шағын немесе орта бизнесті қаржыландыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.
Қолданыстағы реттеу режимінің заңды анықтығы FinTech Lab шектеулі ортасында тестілеусіз краудфандинг қызметіне өтінім беруге мүмкіндік береді. Сондықтан жақында AFSA «құмсалғыш» резиденттерінің толық авторизация режиміне біркелкі ауысуы және краудфандинг платформасын тікелей толық ауқымды реттеу режиміне «қосу» жағдайларын қарастырды.
Анықтамалық ақпарат:
AFSA FinTech Lab («реттеуші құмсалғыш») – компаниялар нормативтік талаптардың барлық жиынтығының объектісіне бірден айналмай, инновациялық қаржылық қызметтер мен реттеуші технологиялармен (RegTech) байланысты қызметтерді ұсына алатын мамандандырылған өнімді орта.
Экологияға, әлеуметтік салаға және басқаруға инвестициялау (ESG) әлеуетті инвестицияларды таңдау үшін әлеуметтік саналы инвесторлар пайдаланатын компанияның тәртіп стандарттарының жиынтығын білдіреді.
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржы қызметтерін және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі болып табылады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қолжетімді қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу немесе жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық әрі реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45