Junior Mining Platform дамыту шеңберінде АХҚО жанынан Тау-кен секторына арналған сарапшылық кеңес (Executive Council for Mining Sector, ECMS) құрылды, ол ұлттық компаниялар, салалық сарапшылар және халықаралық инвесторлар өкілдерін біріктіреді.

Кеңес тау-кен секторының дамуының негізгі мәселелерін талқылайтын кәсіби алаң ретінде қызмет етеді, ерте кезең жобаларына басымдық бере отырып және оларды қаржыландыру тәсілдерін қалыптастыруға баса назар аударады.

Өз қызметі аясында ECMS:
• платформаны дамытудың басым бағыттарын қарайды;

• қаржыландыру құралдарын, соның ішінде ерте кезең жобаларына арналған баламалы модельдерді талқылауға қатысады;

• салалық нарықтық практикалар мен қатысушылар өзара іс-қимылын дамыту бойынша сарапшылық пікір қалыптастырады.

Кеңестің шешімдері мен ұсынымдары консультативтік сипатта болады және Junior

Mining Platform-ды одан әрі дамыту барысында ескеріледі.

AIFC Authority

АХҚО геологиялық барлаудың ерте кезеңіндегі жобаларға инвестициялар тартуға арналған арнаулы платформаны іске қосады

ТОЛЫҒЫРАҚ БІЛУ

Байланыс ақпараты

[email protected]
87018170136

decor

AIFC Services Assistant