Жасыл жобалар базасы

АХҚО Жасыл қаржы орталығы (ЖҚО) – «Белдеу және жол» бастамасы үшін Орталық Азиядағы Жасыл инвестициялар қағидаттарының (GIP) өңірлік кеңсесі. GIP хатшылығы Refinitiv компаниясымен бірлесіп макроөңірдегі жасыл жобалар базасын басқарады, қаржы институттары мен

жобаны әзірлеушілер үшін алаң ұсынады, осылайша оларға ақпарат жинау шығындарын азайтуға көмектеседі. GIP жасыл жобалар базасы – GIP («Белдеу және жол» бастамасының Жасыл инвестициялар қағидаттары) қол қоюшылары саналатын әлеуетті инвесторларға арналған платформа.

Өтінімді қалай беруге болады?

01

Біз GIP жасыл жобалар дерекқорының өлшемшарттарына сәйкес сіз ұсынатын жоба туралы алдын ала ақпаратты (жобаның толық атауы және жоба туралы басқа ақпараты) талдаймыз және сәйкес келген жағдайда, жоба туралы толығырақ ақпаратты белгіленген нысанда, сондай-ақ жоба тизерлерін ұсынуды сұрайтын боламыз.

02

Нысанды толтырыңыз, тілі ағылшынша болғаны жөн. Алайда, қиындықтар туындаған жағдайда, ЖҚО аударма жасауға, сондай-ақ белгілі бір жолдарды, атап айтқанда Қытайдың жасыл жобалар каталогына (China’s Green Industry Guidance Catalogue) сәйкес жоба жіктемесіне қатысты жолдарды толтыруға көмек көрсетеді.

03

Нысанды толтырғаннан кейін дұрыс толтырылуын тексеру және келісу үшін GIP деп белгілеп, жобаны [email protected]  эл. поштасына жіберіңіз. Содан кейін өзіңіз қол қойған нысанның скан-нұсқасын тизермен немесе жоба таныстырылымымен (ағылшын тілінде) бірге жіберіңіз. Бұдан әрі ЖҚО материалдарды базаға қосу үшін GIP хатшылығына жолдайды.

AIFC AI assistant