Инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы шетелдіктер үшін

Инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы шетел азаматтарына (және азаматтығы жоқ адамдарға) Қазақстанға инвестициялауға және ұзақ мерзімді инвестициялық визаны немесе уақытша тұруға рұқсатты, сондай-ақ жеңілдетілген шарттармен салықтық резиденттікті алуға мүмкіндік береді. Орталық Азияның бәсекеге қабілетті экономикаларының біріне инвестиция салыңыз.

Бағдарламаның артықшылықтары:

  • Бағдарлама шеңберінде инвестордың шетелдік кірісіне және инвестициялардан түсетін кірістерге салық салудан босату
  • Инвестор мен оның отбасы мүшелері үшін ұзақ мерзімді виза/уақытша тұруға рұқсат (5 жылға дейін)
  • Жоғары өтімді инвестициялық құралдар
  • Салықтық резиденттік сертификатын алу үшін Қазақстанда «90 күндік болу ережесі»
  • Қазақстанға шексіз кіру және өмір сүру, жұмыс істеу әрі оқу мүмкіндігі

Қатысуға қойылатын талаптар

  • Өтінім берушінің жасы – 18 жастан жоғары
  • Өтінім беруші соңғы 20 жыл ішінде Қазақстан азаматы болған жоқ
  • Өтінім беруші соңғы 20 жыл ішінде Қазақстанның салық резиденті болмады

Инвестициялық құралдар

  • AIX-те айналымдағы бағалы қағаздар
  • АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестициялар

Өтінімді қалай беруге болады

01

Уәкілетті агентті таңдап, қатысуға өтінім беру

02

Бағдарламаға қатысу ақысын төлеу

03

Сенімділікке тексеруден өту

04

Бекітілген инвестициялық құралдарға 60 000 АҚШ долларынан басталатын соманы инвестициялау

05

Инвестициялық резидент сертификатын алу

06

Уәкілетті орган беретін инвестор визасын/уақытша тұруға рұқсат алу

07

Салықтық резидент сертификатын алуға өтінім беру үшін Қазақстанда кемінде 90 күн тұру

08

Салықтық резиденттік сертификатын бергені үшін республикалық бюджетке жыл сайынғы алым (7 000 АЕК) төлеу

09

ҚР салық резиденті мәртебесін алу және Бағдарламаның барлық артықшылықтарынан рахат алу

Авторизацияланған агенттер

Legal Consulting Community Limited

Legal Consulting Community Limited (LCC Ltd.) – 2019 жылдан беру АХҚО юрисдикциясында тіркелген және авторландырылған заң фирмасы. Компанияның бүкіл әлем бойынша клиенттермен 4 жылдық тәжірибесі бар, олар – АХҚО-да бизнес ашу бойынша білікті маман. Компанияның мақсаты – ең аз уақыт шығындарымен және ресурстарды барынша үнемдеумен клиентке бағдарланған қызметті ұсыну. LCC Ltd. заңгерлік және консультациялық қызметтерді ұсынуға лицензиясы бар, сонымен қатар қызмет провайдері ретінде қызмет етеді. LLC Ltd. командасы Қазақстан мен АХҚО-да және Ресей, Бельгия, Франция секілді елдерде бизнес және құқық саласында жұмыс істеп жатқан білікті мамандардан құралған.

Metida Group LLP

Metida Group LLP — заң, салық, корпоративтік қызметтерге және бухгалтерлік есепке, сондай-ақ инвестицияларға маманданған, АХҚО-да тіркелген Көмекші қызмет көрсетуші (Лицензия № AFSA-A-LA-2019-0040). Біз АХҚО Инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасы аясында шетелдік инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеміз, инвестициялар, инвестициялық визаларды алуға, салық резиденттігін құрылымдауға және заңнамалық талаптарды толық сақтауға көмектесеміз. Біздің команда «Астана» халықаралық қаржы орталығында компанияларды тіркеу, корпоративтік құрылымдау, Due Diligence және қаржылық әкімшілендіру бойынша сараптамалық кеңес ұсынады.
Телефон: +77015147969
Email: [email protected]
Веб-сайт: https://metida.group

AIFC Green Finance Centre Ltd.

AIFC Green Finance Centre Ltd. Астана халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында жұмыс істейтін лицензияланған Ancillary Services Provider (ASP). Компания жасыл қаржыландыру және тұрақты даму саласында консалтингтік қызметтер, сондай-ақ корпоративтік және құқықтық қызметтер көрсетеді. 2019 жылдан бастап Орталық Қазақстанда және өңірде тұрақты қаржыландыру мен ESG қағидаттарын дамытуға ықпал етіп келеді. Қазақстандағы тұрақты қаржы құралдарының шамамен 70%-ы Орталықтың қатысуымен верификацияланған. Орталық сондай-ақ қаржылық кеңес беру қызметтерін ұсынады, оның ішінде жобаларды халықаралық биржаларда орналастыруды сүйемелдеу, Қазақстан Республикасы Үкіметімен инвестициялық кЕлісімдерді қолдау және қаржы институттарынан қаржыландыру тарту.
Phone: WhatsApp and Telegram + 7 702 822 37 24;
Email: [email protected]

Байланыс ақпараттары

Бізбен хабарласыңыз:

decor
AIFC Services Assistant