Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық консалтингтік компания Henley & Partners АХҚО алаңында Инвестициялық резиденттік бағдарламасын дамыту жөнінде Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық консалтингтік компания Henley & Partners АХҚО алаңында инвестициялық резиденттік бағдарламасын дамыту жөнінде Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен инвестициялық көші-қон саласындағы халықаралық консалтингтік компания Henley & Partners Қазақстанның инвестициялық және көші-қон саясатын күшейту мақсатында ынтымақтастық орнатуға бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға АХҚО алаңында қол қойды.

Меморандум шеңберінде тараптар АХҚО алаңында инвестициялық резиденттікті дамыту бойынша өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, Меморандум жеке инвесторларды тарту тәсілдерін жетілдіруді, сондай-ақ жаңа инвестициялық құралдарды енгізу мүмкіндігін қарастырады.

Бүгінгі таңда АХҚО-да АХҚО-ның қаржы құралдарына қызығушылық танытқан шетелдік жеке инвесторларға арналған Инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы (ITRP) іске асырылуда, ол ұзақ мерзімді инвесторлық виза мен салық резиденті мәртебесін алу мүмкіндігін көздейді. Аталған бағдарлама Меморандум шеңберіндегі ынтымақтастыққа негіз болмақ және инвестициялық резиденттік саласындағы жаңа шешімдерді кеңейту мен енгізуді қоса алғанда, оны одан әрі дамытуға арналған платформа қызметін атқарады.

АХҚО-да, соның ішінде АХҚО-ның Экспат орталығында шетелдік инвесторларды сүйемелдеуге арналған тиісті инфрақұрылым қалыптасқан. Ол «бір терезе» қағидаты бойынша және ағылшын тілінде шетелдік инвесторларға кешенді қолдау көрсетеді.

АХҚО әкімшілігінің басқарма мүшесі, саясат жөніндегі бас директоры Нұрсұлтан Серікбай атап өтті: «АХҚО халықаралық инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Біз ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген тәуелсіз юрисдикцияны, заманауи қаржы инфрақұрылымын және инвесторларды тиімді қорғау тетіктерін ұсынамыз. Меморандумның АХҚО алаңында қол қойылуы юрисдикцияға деген жоғары сенімді көрсетеді және оның халықаралық қаржы жүйесіндегі рөлін күшейтеді. Осылайша, ынтымақтастық инвестициялық резиденттік саласындағы әлемдік көшбасшылармен тәжірибе алмасуды және өзара іс-қимылды кеңейтеді».

Анықтамалық ақпарат:   

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz

АХҚО Экспат орталығы – шетелдік инвесторлар мен сарапшыларға жан-жақты қолдау көрсету, олардың Қазақстан Республикасында болуын жайлы ету мақсатында құрылған бірегей көпфункционалды орталық. Қызметі «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған және ағылшын тілінде жүзеге асырылады.

АХҚО баспасөз қызметі

Айнұр Исабаева, баспасөз хатшысы

E-mail: [email protected]

AIFC Services Assistant