Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары Astana Finance Days алаңында талқыланды

АХҚО Fintech Hub Astana Finance Days 2021 халықаралық конференциясы шеңберінде цифрлық төлемдер және инновациялық төлем шешімдері саласындағы әлемдік көшбасшы Visa-мен бірлесіп «Шағын және орта бизнесті қолдау – Орталық Азияның дамуының басты бағыты» тақырыбы бойынша панельдік сессия өткізді.

Панельдік сессияға қатысушылар өңірдегі шағын және орта бизнестің жай-күйі мен перспективаларын, цифрландыру, электрондық коммерцияны, кәсіпкерлерге арналған жаңа қаржы өнімдері мен сервистерді дамыту мәселелерін талқылады.

ШОБ цифрландыруына COVID-19 пандемиясы күшті серпін берді, ол ең алдымен байланыссыз төлемдердің, электрондық коммерцияның, P2P аударымдардың және цифрлық эмиссияның дамуын ынталандырды. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпорындар электрондық коммерцияда өздерінің қатысуын кеңейтуден бастап дүкендерде жанасусыз төлемдердің жаңа нысандарын қабылдауға дейін өз қызметіне елеулі өзгерістер енгізді және енгізуді жалғастыруда: ШОБ-тың 82%-ы тауарлар мен қызметтерді Интернетте сату мен насихаттау және жанасусыз төлемдерді қабылдау есебінен өз бизнесін жүргізу тәсілін өзгертті.

ШОБ үшін де жаңа технологиялар белсенді енгізілуде, атап айтқанда Қазақстан смартфонды төлемдерді қабылдау терминалына айналдыратын Visa Tap to Phone технологиясын өрістету бойынша әлемдік көшбасшыға айналды.

ШОБ-ты цифрландыру қазір ерекше маңызды, өйткені ол бизнесті офлайннан онлайнға жылдам өзгертуге мүмкіндік береді. Сессия қатысушылары белсенді талқылаған мысал – Қырғызстандағы «Дордой» нарығын цифрландыру жобасы, оны Visa қолдауымен New Market Technologies жүзеге асырады. «Дордой» қауымдастығы мен New Market Technologies өкілдері талқылау аясында іске қосылған платформа іс жүзінде қызметтердің бүкіл экожүйесінің өзегі болып табылатынын және кәсіпкерлерге түрлі цифрлық шешімдерді, қаржылық қызметтерге қолжетімділікті, қашықтан қызмет көрсету мен қолма-қол ақшасыз төлемдерді ұсынатынын атап өтті.
Visa тапсырысы бойынша жүргізілген Қазақстандағы микро, шағын және орта бизнестің жай-күйін зерттеудің деректері бойынша Қазақстандағы кәсіпкерлер бизнесті жүргізу үшін цифрлық мүмкіндіктерді барынша белсенді пайдаланады, атап айтқанда 63%ның өз сайты немесе әлеуметтік желілерде аккаунты бар/желіде қызметтер мен тауарларды жарнамалайды, 42% ның онлайн және офлайн сату нүктелері бар, ал 18%-ы өнімді тек онлайн сатады.

Спикерлер Қазақстан мен Орталық Азиядағы әйелдер кәсіпкерлігіндегі қауіптер мен перспективаларды, сондай-ақ бизнесті қолдау бағдарламаларын талқылауға ерекше назар аударды.

«Былтырғы жыл көптеген салаға кері әсер еткен ауыр уақыт болды. Белгісіздік жағдайында біздің міндетіміз барлығына үздіксіз, қауіпсіз және сенімді төлемдерді қамтамасыз ете отырып бизнесті, төлем экожүйесін қолдау, сонымен қатар пандемия кезінде және одан кейінгі уақытта жаңа жағдайға бейімделуге көмектесу және цифрлық трансформацияға бейімдеу болды. Біз мобильді төлемдерді күшейту үшін Visa Token Service базасында Pays-тегі шешім арқылы төлем инновацияларын енгізуді, байланыссыз карталарды қабылдау желілерін кеңейту үшін Visa Tap to Phone-ды қосуды жалғастырып, қаржылық  техникалық өнімдер мен шешімдерді енгізіп  қана қоймай, микро, шағын және орта бизнеске #ПоддержиСвоих және She’s Next. Empowered by Visa платформалары арқылы көмектесуге күш салдық», – дейді вице-президент, Орталық Азия елдері мен Әзірбайжандағы Visa өңірлік менеджері Кристина Дорош.

«АХҚО барлық Орталық Азия, Кавказ және Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін қаржылық хаб екені анық. Өңірдің жоғары әлеуетін есепке алсақ, Astana Finance Days конференциясы әр елдің тәжірибесімен танысуға және диалог құруға тиімді алаңға айналды. Біздің нарықта Visa-мен ортақ мақсатымыз көп. Атап айтқанда инновацияны қолдау және дамыту, қаржы және өзге технологияларды, кәсіпкерлікті, электронды коммерцияны дамыту, сол арқылы Қазақстан мен жалпы өңірдегі инновациялық дамуды жетілдіру. Біз Visa компаниясын Astana Finance Days алаңында стратегиялық серіктес ретінде көруге және бірлесіп ірі ұлттық және халықаралық жобаларды іске асыруға әрқашан қуаныштымыз», – деді АХҚО Әкімшілігі Басқарма Төрағасының орынбасары Қайрат Қалиев.

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны басқару жөніндегі кеңестің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуды көздейді. https://aifc.kz/

 

«Fintech Hub LTD.»  бұл ғаламдық стартаптар, кәсіпкерлер, корпорациялар, инвесторлар, жетекші сала сарапшылары мен мамандары түйсетін орын. АХҚО-да  финтехтың дамуына стартаптарды, корпоративті инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен финтех саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін бағдарламалар кіреді. Финтех хаб қаржы технологияларын ілгерілету мен қаржы технологиялары экожүйесін құруға, қолма-қол емес төлем мен төлем инновацияларын дамытуға белсенді жұмыс істейді. http://www.fintech.aifc.kz/

Visa Inc. (NYSE: V) цифрлық төлем саласында әлемдік көшбасшы. Біздің миссиямыз – әлемді тұтынушыларға, бизнес және экономикаға жоспарлы түрде дамуға мүмкіндік беретін барынша инновациялық, сенімді және қауіпсіз төлем желісі арқылы біріктіру. Біздің жаһандық жаңа технологиялық желіміз VisaNet әлем бойынша сенімді және қауіпсіз төлемді қамтамасыз етіп, секундына 65 000 транзакция жасай алады. Visa компаниясы жедел өсім негізі “connected commerce” саналатын инновацияларға ерекше мән береді. Бұл қосылған кез келген құрылғының төлем жасауға мүмкіндік беруі. Нәтижесінде төлем жүйелері баламалы технологиядан цифрлық технологияға ауысу жеделдемек. Visa коммерцияның трансформациясы үшін өзінің брендін, сарапшыларын, өнімдері мен ауқымын пайдаланады. Қосымша ақпарат алу үшін: usa.visa.com/about-visa, www.visa.com.kz

AIFC AI assistant