АХҚО Соты, Халықаралық төрелік орталығы және Ташкенттегі Халықаралық Вестминстер Университеті Өзара түсіністік туралы келісімге қол қойды

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты (бұдан әрі – АХҚО Соты) мен Халықаралық төрелік орталығы (бұдан әрі – ХТО) бірінші тараптан және Ташкенттегі Халықаралық Вестминстер Университеті (бұдан әрі – ТХВУ) екінші тараптан Өзара түсіністік туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды. Келісім ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты кеңейтеді және Ташкент қаласында ашылған Тыңдаулар залын пайдалануға жол ашады.

Келісімге АХҚО Соты мен ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт және ХТВУ Ректоры Бахром Миркасимов қол қойды. Келісім коммерциялық даулардың тараптарына Ташкенттегі ТХВУ базасында ашылған халықаралық үлгідегі Отырыстар залында өтетін тыңдауларға қатысу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар студенттер үшін АХҚО Соты мен ХТО-да тағылымдамадан өтіп, әрі қарай АХҚО-ның резидент-компанияларында жұмысқа тұру мүмкіндігі туып отыр. Студенттер АХҚО Соты мен ХТО-ның білім беру бағдарламаларына қатысатын болады, сол сияқты жыл сайын наурыз және қазан айларында ұйымдастырылатын студенттердің халықаралық байқауларында жарысқа түседі.

Ташкентке сапар шеңберінде АХҚО Соты мен ХТО Өзбекстанның заңгерлік және іскери орта өкілдерімен кездесті, Еуразия аймағында коммерциялық дауларды шешу жөнінде презентация өткізілді, АХҚО Соты және ХТО ұсынатын қызметтер мен Қазақстанға инвестициялауды қалайтын өзбекстандық бизнес өкілдері үшін қосымша мүмкіндіктер таныстырылды.

АХҚО Соты мен ХТО тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт былай деп атап өтті:

«Біз Ташкент Халықаралық Вестминстер Университетімен ынтымақтатығымыздың одан әрі дамуына және осы серіктестіктің арқасында Ташкент қаласындағы қызметіміздің кеңейіп отырғанына қуаныштымыз. ТХВУ Еуразиядағы жетекші университетттердің бірі болып табылады, біз оның студенттердінің АХҚО Соты мен ХТО-да тағылымдамадан өту бағдарламасына қатысуын асыға күтеміз. Бұл бағдарламадан осыған дейін басқа университеттердің 70-тен аса студенті өткен болатын. Сонымен қатар біз университеттің толығымен жабдықталған Тыңдаулар залында заңгерлік тыңдау өткізуге дайынбыз және оны өткізу мүмкіндігін күтудеміз. Астанадан тысқарыдағы компаниялар мен инвесторлар үшін біздің дауларды шешу бойынша қызметтерімізді кеңейту осылай жалғасуда».

 

ТХВУ Ректоры, Бахром Миркасимов былай деп атап өтті:

«Біз студенттеріміздің АХҚО оқу үдерістеріне қатысуын жеңілдететін осы келісімге қол қоюға қуаныштымыз. Ол студенттер мен түлектерге АХҚО Сотының және АХҚО Халықаралық арбитраж орталығының жұмысына қатысу мүмкіндігін береді, онда ағылшынның жалпы құқығы қолданылатын АХҚО шеңберінде жұмыс істейтін компанияларға одан әрі құқықтық көмек көрсетеді. ТХВУ сонымен қатар студенттер, академиялық орта және заңгерлер арасында АХҚО жұмысы туралы хабардар болуды арттырады және АХҚО іс-шараларын ТХВУ-да өткізеді. Біз болашақ ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз».

 

 

Анықтама:

ТХВУ – Ташкенттегі халықаралық Вестминстер университеті – Өзбекстандағы жоғары оқу орны. ТХВУ өз қызметін 2002 жылы бастады. Университеттің бас ғимараты Ташкентте қалалық кампус ішінде орналасқан. Ташкенттегі халықаралық Вестминстер университеті сапалы оқу бағдарламаларының арқасында үнемі сарапшылардан жоғары баға алып отырады. Ташкенттегі халықаралық Вестминстер университеті Өзбекстандағы ең жас жоғары оқу орындарының бірі болғанына қарамастан, дәстүрлі түрде Өзбекстандағы рейтингте жетекші орынға ие.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. aifc.kz

АХҚО Соты тәуелсіз институт болып табылады. Ағылшын жалпы құқығының қағидаттары мен нормаларына және озық халықаралық іс-тәжірибеге негізделген өзіндік процессуалдық нормалары бар. АХҚО Соты өз қызметін тәуелсіз атқарады және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Екі деңгейден тұрады: Бірінші инстанциядағы сот, оған ұзақ даулар соты ретінде белгілі мамандандырылған бөлімше және Апелляциялық сот кіреді. АХҚО шеңберінде жүзеге асырылатын қызметпен және операциялармен байланысты туындайтын дауларға қатысты және барлық тараптар АХҚО Сотына юрисдикция беруге жазбаша нысанда келісетін дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие. Ол қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы қандай да бір дауларға қатысты юрисдикцияға ие емес. Істерді жүргізудің заманауи және тиімді әдістері қолданылады. https://court.aifc.kz/

Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) тәуелсіз институт болып табылады. Үздік халықаралық іс-тәжірибе үлгісі бойынша әзірленген өзіндік процессуалдық нормалары бар. Орталықта төрелік және медиация жолымен коммерциялық дауларды, соның ішінде мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетика, қаржылық қызметтер, банк ісі, ислам қаржылары, сақтандыру және зияткерлік меншік салаларында шешу бойынша көпжылдық тәжірибеге ие жетекші халықаралық төрешілер мен медиаторлардың өзіндік тізілімі бар. ХТО-ның төрелік шешімдері Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық деңгейде мойындалады және орындауға жатады. https://iac.aifc.kz/

AIFC AI assistant