Astana Finance Days аясында инвесторларға 23 тау-кен жобасы таныстырылды 

2026 жылғы 9 қыркүйекте АХҚО-ның Astana Finance Days 2026 IX форумы аясында юниорлық тау-кен жобаларына капитал тартуға арналған AIFC Junior Mining Platform бастамасы шеңберінде іс-шаралар өтті. Саланы қаржыландыру жөніндегі сарапшылар талқылауы мен питч-сессия негізгі оқиғалар болды, оның барысында әлеуетті инвесторларға 23 жоба таныстырылды. 

Іскерлік бөлімді «Юниорлық тау-кен жобаларын қаржыландыру: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты пленарлық сессия ашты. Тау-кен өндіру компанияларының, тікелей инвестиция қорларының және халықаралық қаржы институттарының өкілдері геологиялық барлаудың бастапқы кезеңінен және жеке әрі стратегиялық инвесторларды тартудан бастап институционалдық қаржыландыруға және жария нарықтарға шығуға дейінгі жобаның даму барысында капитал көздерінің қалай өзгеретінін талқылады.  

Талқылауға Solidcore Resources бас директорының орынбасары Аида Әлжанова, Alphamar-дың негізін қалаушылардың бірі Касси Бейсембетов, ЕҚДБ-ның Қазақстандағы өкілдігі басшысының орынбасары Акаки Гелашвили және Elistra Advisory негізін қалаушысы Лю Вэньцзин қатысты. Модератор рөлін Aurora Minerals Group негізін қалаушысы Саид Сұлтанов атқарды.  

Solidcore Resources компаниясы юниорлық жобалармен ынтымақтастық мүмкіндіктеріне қатысты ірі салалық ойыншының көзқарасын білдірді. Атап айтқанда, қатысушылар Павлодардағы Ertis гидрометаллургиялық кешенін салу инвестициялық жобасын талқылады. 

Solidcore Resources компаниясы тау-кен өндіру саласындағы ірі ойыншының компанияның юниорлық жобалармен стратегиялық инвестор ретінде ынтымақтасу мүмкіндіктеріне қатысты көзқарасын таныстырды. Атап айтқанда, компанияның юниорлармен ынтымақтастықты дамыту жоспарлары, жобаларды іріктеу өлшемшарттары және ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Мысалы, Павлодарда ЕГМК (Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты) салу жобасы, Аида Әлжанова атап өткендей, компанияның өзі үшін ғана емес, Қазақстанның бүкіл тау-кен секторы үшін де айтулы кезең болмақ. Зауыттың қуаттылығын Solidcore-дың меншікті активтерінің шикізатын қайта өңдеу үшін де, Қазақстан мен Орталық Азиядан келетін бөгде қиын байытылатын концентраттарды қабылдау үшін де пайдалану жоспарлануда. Бұл Қазақстанда технологиялық жағынан күрделі алтын құрамды шикізатты қайта өңдеуді жергіліктендіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ саланың басқа қатысушыларына, оның ішінде юниорлық компанияларға да, қажетті технологиялардың болмауына, күрделі логистикаға және шикізатты қайта өңдеуді ұйымдастыруға кететін жоғары күрделі шығындарға байланысты бұрын қолжетімсіз болған жаңа жобаларды дамыту үшін дайын қайта өңдеу қуаттарын пайдалануға мүмкіндік береді. 

Қатысушылар тікелей инвестициялардың рөліне ерекше көңіл бөлді. Alphamar өкілдері ерте кезеңдердегі геологиялық барлау жобаларына салынған инвестициялардың айтарлықтай уақыт пен капиталды, сондай-ақ жоғары техникалық тәуекелдерді қабылдауға дайын болуды талап ететінін атап өтті. Сонымен қатар қор жоғары әлеуеті бар жекелеген юниорлық жобаларды, оның ішінде қолданыстағы активтерге жақын орналасқандарды да қарастыруға дайын. 

Ерте кезеңдерде инвестициялау кезінде Alphamar капиталды ресурстық база расталғанға дейін қолданыстағы иелерге төлеуден гөрі, тікелей жобаны дамытуға салуды басым бағыт деп санайды. 

Капитал нарықтарын талқылау аясында қатысушылар жария қаржыландыруды тарту үшін тек келешегі бар кен орнына ие болу жеткіліксіз екенін атап өтті – компанияның өзі де инвесторлардың талаптарына дайын болуы тиіс. 

Elistra Advisory Limited компаниясының негізін қалаушы Лю Вэньцзин Jiaxin жобасын мысал ретінде атап өтіп, оның Қазақстандағы тау-кен активінің қытайлық стратегиялық акционерлердің қолдауы және корпоративтік басқаруды нығайту, капитал нарықтарына шығуға дайындалу және IPO-ны үйлестіре отырып іске асыру арқылы халықаралық инвесторлардың сенімін біртіндеп арттырып, халықаралық жария нарықтарға қол жеткізе алғанын атап өтті. 

Талқылаудың ортақ тұжырымы – жобаны жүйелі түрде дамытумен қатар, оның қолжетімді қаржыландыру көздерін кеңейту қажеттігі болды. Геологиялық және техникалық тәуекелдер төмендеп, компанияның корпоративтік дайындығы артқан сайын, жеке және стратегиялық инвесторлардан бастап халықаралық қаржы институттары мен жария нарықтарға дейін әлеуетті капитал көздерінің ауқымы да кеңейе түседі. 

Бағдарламаның екінші бөлігінде Junior Mining Platform питч-сессиясы өтті. Оған 23 тау-кен жобасын таныстырған 15 компания қатысты, олардың басым бөлігі қазір геологиялық барлау сатысында. 

Питч-сессияның мақсаты – қазақстандық тау-кен секторындағы инвестициялық мүмкіндіктерді қарастыратын юниорлық тау-кен компаниялары, жеке капитал қорлары және стратегиялық серіктестер арасында тікелей өзара іс-қимыл орнату.  

Іс-шараға 10-нан астам қазақстандық және шетелдік инвестор мен стратегиялық серіктес қатысты. 

Жобалық командалар өз активтері, жобалардың ағымдағы даму кезеңі, алдағы жұмыстардың жоспарлары және қаржыландыруға қажеттіліктері туралы ақпарат ұсынды. Таныстырылымдардан кейін жобалық компаниялар мен әлеуетті инвесторлар арасында жеке B2B кездесулер өтті. 

Іс-шара AIFC Junior Mining Platform дамытудағы кезекті кезең болды. Платформа юниорлық тау-кен компаниялары мен инвесторлар арасында өзара іс-қимылдың құрылымдалған форматын қалыптастыруға, жобаларға өз мүмкіндіктерін нарыққа таныстыруға және инвестициялар тартуға мүмкіндік беруге бағытталған.  

Анықтамалық ақпарат  

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – Қазақстанда бизнес ашу және жүргізу, инвестиция тарту, жұмыс орындарын құру және экономиканы дамыту үшін қолайлы құқықтық-реттеушілік ортасы мен дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz 

АХҚО баспасөз қызметі 

Айнұр Исабаева, баспасөз хатшысы, е-mail: [email protected] 

AIFC Services Assistant