Caspian Solar Ltd. жасыл облигацияларының листингі

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Caspian Solar Ltd. компаниясының қамтамасыз етілмеген купондық жасыл облигацияларының AIX-тегі алдағы листингі және саудаға жіберілуі туралы хабарлайды. 625 миллион юань көлеміндегі облигациялар шығарылымы өзгермелі купондық мөлшерлемеге ие және өтеу мерзімі 2031 жылғы 8 мамыр.

Орналастырудан түскен қаражат Оңтүстік Африкадағы Постмасбург қаласында қуаты 115 МВт күн электр станциясын қаржыландыруға бағытталады. Caspian Solar Ltd. — дамушы нарықтарда жасыл энергетика жобаларын дамытуға бағытталған инвестициялық платформа.

AIX Басқарма төрайымы Асель Мұқажанова былай атап өтті:

«AIX жасыл қаржы құралдарын дамытуда, 2023 жылы осындай шығарылымдарды қолдау үшін комиссияларды төмендеткенбіз. Жасыл құралдарға деген қызығушылықтың артуы осы шаралардың тиімділігін дәлелдейді, ал АХҚО Жасыл қаржы орталығы ұсынған тәуелсіз қорытынды (Second Party Opinion) жасыл эмитенттер үшін АХҚО инфрақұрылымының даму деңгейін көрсетеді.»

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. Толығырақ: www.aix.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) — халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz

AIFC Services Assistant