Ескерту: Unilive Central Asia Ltd. атауын пайдалана отырып, инвестициялық қызметтер мен цифрлық активтермен байланысты қызметтерді заңсыз ілгерілету
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) Unilive Central Asia Ltd. компаниясының («Компания») реттеушілік мәртебесіне және осы Компанияның атауын пайдалана отырып, инвестициялық қызметтер мен цифрлық активтермен байланысты қызметтерді ілгерілетуге қатысты мән-жайларға байланысты жұртшылық үшін осы ескертуді жариялайды.
Компания 2026 жылғы 26 ақпанда Астана халықаралық қаржы орталығында («АХҚО») БСН 260240901514 нөмірімен топтағы компаниялардағы қатысу үлестерін иелену және басқару мақсатындағы холдингтік компания ретінде тіркелді. Бастапқыда Компания «Unimex Exchange Central Asia Ltd.» атауымен тіркелген болатын, ал 2026 жылғы 10 сәуірде атауын «Unilive Central Asia Ltd.» деп өзгертті.
AFSA әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалар тарапынан Unilive Central Asia Ltd.-ке қатысты инвестициялық сипаттағы материалдардың таратылып жатқанын анықтады. Бұл материалдарда кепілдендірілген табыс, соның ішінде күнделікті пайда табу және қаражатты кез келген уақытта шығарып алу мүмкіндігі жарнамаланады, сондай-ақ цифрлық активтерге байланысты қызмет туралы мәліметтер қамтылған.
Осыған байланысты AFSA Компанияның тиісті лицензиясы жоқ екенін және оған AFSA тарапынан қаржылық қызметтер көрсетуге, оның ішінде цифрлық активтерге байланысты реттелетін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ АХҚО юрисдикциясы шегінде немесе одан тыс осындай қаржылық қызметтерді қаржылық ілгерілетуге (Financial Promotions) өкілеттік берілмегенін түсіндіреді.
Жұртшылық пен әлеуетті инвесторларға Компаниямен өзара әрекеттесу немесе онымен қандай да бір ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру кезінде жоғарыда көрсетілген ақпаратты ескеру ұсынылады.
AFSA жұртшылық өкілдеріне мыналарды қатаң түрде ұсынады:
- Кепілдендірілген немесе күнделікті инвестициялық табыс уәде ететін ұсыныстарды алған кезде, әсіресе олар цифрлық активтермен байланысты болған жағдайда, ерекше сақтық таныту қажет;
- Кез келген компанияның қаржылық қызметтері мен өнімдерін пайдаланбас бұрын, оларды AFSA-ның жария тізілімі арқылы оның мәртебесін тексерген жөн. Бұл тізілімде AFSA тарапынан авторизацияланған және/немесе тіркелген АХҚО-ның барлық қатысушылары туралы өзекті ақпарат қамтылған.
Егер сіз осындай ұсыныстар алған болсаңыз немесе заңсыз қаржылық қызметтер не қаржылық ілгерілетуге қатысты алаңдаушылығыңыз болса, бұл туралы AFSA-ға [email protected] электрондық поштасы арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.
Анықтама үшін:
АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) – Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. Оның мақсаты – «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметтерді және оларға байланысты қызметті реттеу. АХҚО актілері мен қағидаларында қаржы компаниялары және нарықтық институттарды лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу мен қадағалау мәселелерін көзделген. afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz
AFSA Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті [email protected]