Jet Group Ltd. жасыл облигацияларының листингі
Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Jet Group Ltd. компаниясының көлемі 10 миллион АҚШ долларын қамтамасыз етілмеген купондық жасыл облигацияларын AIX-тегі алдағы листингі және саудаға жіберілуі туралы хабарлайды. Облигациялардың купондық мөлшерлемесі 10% және өтеу мерзімі 2029 жылғы сәуір айы. Бір облигацияның номиналы 100 АҚШ долларын құрайды.
AIX Басқарма төрайымы Асель Мұқажанова былай атап өтті:
«Jet Group Ltd. бизнесті ауқымдау үшін жария қарыз нарығын тиімді пайдаланып отыр. Дәстүрлі биржалардың негізгі рөлі де осы — компанияларға қаржы тартуға мүмкіндік беру және бизнестің тұрақты өсуіне ықпал ету».
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. Толығырақ: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) — халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz