AFSA қазынашылық орталықтардың қызметін реттеу мәселелері жөніндегі консультациялық құжатты жариялады. Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 26 шілдесі

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) қазынашылық орталықтарды реттеудің ұсынылған қағидалары туралы консультациялық құжатты нарықтан ұсыныстар алу үшін жариялады.

AFSA-ның тәсілі әдетте трансұлттық компанияларға шығындарды үнемдеуге, өңірдегі әртүрлі еншілес компаниялардағы өтімділікті басқаруға, ақша қаражатын басқарудың тиімділігін арттыруға, хеджирлеу және инвестициялау операцияларын жүргізуге, сондай-ақ басқа да артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін корпоративтік қазынашылық орталықтар (КҚО) үшін нормативтік-құқықтық базаны әзірлеуді қарастырады. КҚО қызметін АХҚО-ның Ұжымдық инвестициялық схемалары қағидалары шеңберінде, КҚО қорының басқарушысына қатысты аса қатаң емес ережелермен реттеу ұсынылады, өйткені КҚО Топтың мүшелері саналатын компаниялардың активтерін ғана басқарады.

Бұл құжат АХҚО аумағында немесе одан тыс жерден өңірлік қазынашылық орталықтардың қызметін жүргізуге мүдделі АХҚО-ның қазіргі немесе әлеуетті қатысушылары (мысалы, трансұлттық корпорациялар, қосалқы қызметтер көрсететін компаниялар және консультанттар) үшін қызығушылық тудырады.

Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 26 шілдесі. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы құжатқа қандай да бір нақтылаулар қажет пе екенін қарастырамыз.

AFSA пікірлерді [email protected] электрондық поштасы арқылы алуды жөн көреді.

Консультациялық құжатқа келесі сілтеме арқылы қол жеткізуге болады:

Consultation Paper AFSA-P-CE-2024-0005 from 26 June 2024 on the AIFC Treasury Framework (myafsa.com).

 

 

Анықтама үшін:

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 78 елден 2700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

AIFC AI assistant