5-6 қыркүйекте АХҚО «Astana Finance Days 2024» халықаралық қаржы конференциясын өткізеді

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО, Орталық) 2024 жылғы 5-6 қыркүйекте «Astana Finance Days 2024» (AFD) конференциясы өтетіні туралы хабарлайды.

AFD – бұл Еуразия өңірінің жыл сайынғы қаржы конференциясы, ол 2018 жылдан бері қаржы саласының жетекші сарапшыларының, инвесторлар мен бизнес-көшбасшылардың басын қосатын платформа ретінде қызмет етіп келеді. Жыл сайын әлемнің 70-тен астам елінен 3000-нан астам қатысушы осы айтулы оқиғаға қатысады, бұл көрсеткіштер оның Орталық Азияның қаржылық өміріндегі маңызын айшықтайды. Мемлекеттік органдардың өкілдері, қаржы саласының сарапшылары, инвесторлар мен бизнес басшылары қаржы саласының қазіргі заманғы проблемаларын, үрдістері мен мүмкіндіктерін талқылау үшін бір алаңға жиналады.

Конференцияның алтын серіктестері – Visa, Freedom Holding Corp, Kaz Minerals, күміс серіктестері – Solidcore Resources, Eurasian Bank, MYD Production.

Биыл «Инновация, Инвестиция, Серпін» бағыттары бойынша өтетін конференцияның бағдарламасы: Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, капитал нарықтарының өңірлік дамуы, венчурлық инвестициялар, активтерді басқару саласын дамыту әлеуеті, креативті индустрияға инвестициялар, жасанды интеллектің  даму үрдістері, орнықты қаржыландырудың жаңа құралдары, Орталық Азиядағы «жасыл» экономиканың дамуы мен өсуі, исламдық және өтпелі қаржыландыру, қаржы индустриясындағы инновациялар және т.б. тақырыптарды қозғайды.

Конференцияда сондай-ақ қаржы орталығының қатысушы компанияларымен сындарлы диалог жүргізуге және оларға қолдау көрсетуге жәрдемдесуді көздейтін AIFC Community бастамасы аясында панельдік сессиялар өтеді. Қатысушылар қандай компаниялар және қандай себептермен өз бизнесі үшін Орталықты таңдайтынын, АХҚО құқығын корпоративтік басқаруға енгізу іс жүзінде қалай өтетінін білетін болады. AIFC Community аясындағы сессиялар іскерлік байланыстар орнатуға және АХҚО қатысушыларының Қазақстан экономикасына қосқан үлесін түсінуге ықпал ете отырып, олардың қызметімен танысу және өзара қарым-қатынас жасау үшін мүмкіндіктер ашады.  

AFD барысында сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге және дауларды шешу саласындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған «Arbitral Women» іс-шарасы өтеді.

Бұдан басқа, конференция аясында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылады.

Инвестициялық мүмкіндіктерді зерделеу, нетворкинг және өңірдегі соңғы қаржылық үрдістер мен оқиғалар туралы ақпарат алмасу үшін АХҚО баршаны AFD 2024-ке қатысуға шақырады.

Конференцияға тіркелу үшін https://astanafindays.org/ru/registration/ сілтемесі бойынша өтіңіз.

AFD 2024-ке қатысты барлық сұрақтар бойынша [email protected] электрондық пошта мекенжайына хабарласыңыз.

AIFC AI assistant