Бішкекте АХҚО-ның «Орталық Азиядағы орнықты қаржыландыру» есебі таныстырылды

АХҚО Жасыл қаржы орталығы GIP-тің Орталық Азиядағы Өңірлік кеңсесі ретінде Чэнду қаласының Муниципалдық үкіметімен және Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігімен бірлесіп 31 мамырда Қырғызстанның Бішкек қаласында «Белдеу және жол» инвестициялық серіктестігі: Орталық Азия мен Батыс Қытай арасындағы қаржылық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту» атты дөңгелек үстел өткізді. 

Іс-шараны ұйымдастыруға сондай-ақ Чэнду қ. Қаржылық реттеу басқармасы, Қырғыз қор биржасы, Қытай инновациялық қаржы институты, Халықаралық қаржы орталықтары мен халықаралық инновациялық орталықтар федерациясы қатысты. 

Іс-шарада GIP-тің Орталық Азиядағы Өңірлік кеңсесі өңірдегі мүдделі тараптармен ынтымақтаса отырып дайындаған Орталық Азиядағы орнықты қаржыландырудың жай-күйі туралы арнайы есеп таныстырылды. 

«Біз өңірді сапалы дамытумен қатар, ресурстарымызды тығыз байланыстырып, кәсіпорындардың сауда алмасуларын және жоғары сапалы қаржылық қызметтерді бірге ілгерілете отырып, «Белдеу және жол» бойындағы трансшекаралық инвестициялар, жасыл қаржы және қаржылық технологиялар саласында Орталық Азиямен терең ынтымақтасуға шын ниетпен үміттенеміз», – деді Чэнду Муниципалды үкіметінің мэрі Ван Фэнчао.  

Қырғыз Республикасының Экономика және сауда министрінің бірінші орынбасары Чоро Сейитов 2022 жылы ҚР Министрлер кабинеті мен ҚХР Үкіметі арасындағы 2030 жылға дейінгі сауда-экономикалық ынтымақтастықты орта мерзімді және ұзақ мерзімді дамыту бағдарламасына қол қойылғанын атап өтті. Тараптар сауда, ауыл шаруашылығы, инвестициялар, қаржы, көлік және логистика, инновациялық және жасыл технологиялар сияқты түрлі басым бағыттар бойынша ынтымақтасатын болады. 

Сонымен қатар, АХҚО әкімшілігінің өнімдерді дамыту жөніндегі директоры, АХҚО Жасыл қаржы орталығының Директорлар кеңесінің төрағасы Данияр Келбетов: «Орталық Азия елдеріне қытайлық инвестициялардың жалпы көлемі 40 миллиард АҚШ долларынан асты және бұл біздің ынтымақтастығымызды нығайта алатын сала. Ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген өзінің бірегей құқықтық мәртебесінің арқасында АХҚО инвесторлар мен бизнес үшін қолайлы жағдай жасайды, олардың құқығының сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді. Осы айда АХҚО Жасыл қаржы орталығы GIP-тің Орталық Азиядағы Өңірлік кеңсесі ретінде өңірде орнықты қаржыландырудың дамуы туралы алғашқы тақырыптық есепті дайындады, ол біздің ойымызша, жергілікті мүдделі тараптар үшін де, инвесторлар үшін де құнды ресурс болады». 

«Орталық Азиядағы орнықты қаржыландыру» есебімен мына сілтеме бойынша танысуға болады. 

AIFC AI assistant