AIX жариялы ESG бондтарды орналастыруға бастапқы жарнаны алып тастады
Astana International Exchange (“AIX”, “Биржа”) ESG бондтарға арналған бағдарламаны жариялайды. Оның аясында 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін шығарылған құралдарға листинг және саудаға рұқсат беру комиссиялары алынып тасталады.
Биржаның Басқармасы сонымен қатар 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін шығарылған құралдарға жылдық сауда комиссиясын 10 000 АҚШ долларынан 1000 АҚШ долларына дейін төмендету туралы, және олардың мерзімі аяқталғанша комиссияны осы мөлшерде қалдыру туралы шешім қабылдады.
Әсел Мұқажанова, AIX басқарма төрағасының м.а.:
AIX биржасы ESG концепциясын ұстануға және барынша қолдауға ұмтылады. Біз күнделікті жұмысымызды ESG стандарттарына сай істеуге және ESG-ге байланысты құралдарды танымал етуге мүдделіміз. Бұл бастамамыз осы саланы дамытуға үлес қоссақ, және ESG принциптерін ұстанатын компанияларға өздерінің тұрақты даму жобаларын жүзеге асыруға қаражат тартуға көмектессек деген ниеттен туындап отыр.
2022 жылдың желтоқсан айынан бері AIX биржасында жауапты қаржы құралдарының тізімі күрт өсті, себебі биржаның Бизнес Тәртібіне ESG бондтарды «ашық архитектура» құралымы бойынша шығару және листингілеу туралы бөлім енгізілді. Бұл құрылым шығарушыларға халықаралық мойындалған стандарттар аясында түрлі құралдарды қолдана отырып өздерінің тұрақты даму жобаларына қаражат тартуға мүмкіндік береді. ESG бондтардың қатарына әлеуметтік, тұрақты даму және жасыл бондтар кіреді. ESG санатына жататын бондтар туралы ақпарат AIX вебсайтының Қағидалары мен Ережелері парақшасында жарияланған.
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ “Белдеу және жол” бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz