13–15 қыркүйекте Халықаралық төрелік орталығында ХТО Еуразиялық төрелік күндері – 2023 конференциясы өтті

13–15 қыркүйекте Халықаралық төрелік орталығында ХТО Еуразиялық төрелік күндері – 2023 конференциясы өтті. Іс-шара Herbert Smith Freehills халықаралық заң фирмасымен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Заң факультеттерінің студенттеріне арналған Орталық Азия ХТО Vis Pre-Moot төрелік конкурсты қоса алғанда, 2024 жылғы наурыздан бастап жыл сайын өтетін ХТО Еуразиялық төрелік жыл сайынғы апталығының алғышарты болды.

Шараға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Азиядан мемлекеттерінен келген 180 астам адвокаттар мен төрешілер, корпоративтік заңгерлер, төрелік практика саласындағы сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдары мен ғылыми топтарының өкілдері қатысып, Еуразия елдеріндегі заманауи төрелік практиканы, бизнес үшін мүмкіндіктерді, сондай-ақ мәселелер мен шешімдерді талқылады. Бұдан басқа, шара шеңберінде 2022 жылғы ХТО Төрелік және медиация қағидалары және АХҚО Сотында талқылауларда инвесторлардың атынан өкілдік ететін Заңгерлердің мінез-құлқының жаңа Кодексі бойынша тренингтер өткізілді. Сондай-ақ, «Халықаралық инвестициялық құқық» атты жаңа кітаптың шығарылымы туралы жарияланды (ред. Н.Кондрашов, к. Панерай, и. Рачков).

ХТО төрағасы Томас Крюммель: «Егер бұрын ХТО-ны және оның халықаралық төрелік пен әлемдік деңгейдегі медиациядағы рөлін бекіту бойынша бірлескен күш-жігер жұмсалса, бүгінде мұнда қатысушылардың арасында төрелік әлемінен, заң басылымдарынан, жоғары дәрежелі ғылыми топтардан, сондай-ақ біздің орталықтың пайдаланушыларынан құралған нағыз асылдар бар. ХТО – бұл болашақ. ХТО – бұл жақсы жаққа өзгеріс».

АХҚО Соты және ХТО 76 сот шешімін, 447 төрелік шешімді және 1748 медиативтік келісімді қамтитын 2271 коммерциялық істі шешіп, жүзеге асырды. Ең үлкен істің сомасы $330 млн құрады, ал істердің жалпы құны $686 млн асты. «Теңізшевройл» сияқты ірі энергетикалық корпорацияларды қоса алғанда, Қазақстанда бизнес жүргізетін 27 елдің инвесторлары АХҚО Соты мен ХТО-ны 7500-ден астам шартқа қосып, АХҚО Соты мен ХТО-ны өздерінің инвестициялық дауларын шешу үшін пайдаланды.

АХҚО Соты мен ХТО халықаралық коммерциялық дауларды шешудегі Еуразиядағы инвесторлардың таңдаулы орны болып қала береді. Осылайша, ХТО төрелік және медиация саласындағы беделінің артуымен Еуразия төрелігінің орталығы деп танылады.

Анықтама:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. www.aifc.kz

АХҚО Соты тәуелсіз институт болып табылады. Ағылшын жалпы құқығының қағидаттары мен нормаларына және озық халықаралық іс-тәжірибеге негізделген өзіндік процессуалдық нормалары бар. АХҚО Соты өз қызметін тәуелсіз атқарады және Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Екі деңгейден тұрады: Бірінші инстанциядағы сот, оған ұзақ даулар соты ретінде белгілі мамандандырылған бөлімше және Апелляциялық сот кіреді. АХҚО шеңберінде жүзеге асырылатын қызметпен және операциялармен байланысты туындайтын дауларға қатысты және барлық тараптар АХҚО Сотына юрисдикция беруге жазбаша нысанда келісетін дауларға қатысты айрықша юрисдикцияға ие. Ол қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы қандай да бір дауларға қатысты юрисдикцияға ие емес. Істерді жүргізудің заманауи және тиімді әдістері қолданылады. https://court.aifc.kz/

Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) тәуелсіз институт болып табылады. Үздік халықаралық іс-тәжірибе үлгісі бойынша әзірленген өзіндік процессуалдық нормалары бар. Орталықта төрелік және медиация жолымен коммерциялық дауларды, соның ішінде мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетика, қаржылық қызметтер, банк ісі, ислам қаржылары, сақтандыру және зияткерлік меншік салаларында шешу бойынша көпжылдық тәжірибеге ие жетекші халықаралық төрешілер мен медиаторлардың өзіндік тізілімі бар. ХТО-ның төрелік шешімдері Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық деңгейде мойындалады және орындауға жатады. https://iac.aifc.kz/

AIFC AI assistant