АХҚО Жасыл қаржы орталығы Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты кеңейтеді
АХҚО Жасыл қаржы орталығының басқарма төрағасы Айдар Қазыбаевтың Ашхабадқа (Түркіменстан Республикасы) сапары аясында «Түркіменхимия» мемлекеттік концернінің басшысы Ниязли Ниязлиевпен кездесу өтті. Бұл сапардың негізгі мақсаты – ел экономикасының тұрақты даму тұжырымдамасында «жасыл» қаржыландырудың бағыттары мен құралдарын дамыту.
Қазіргі уақытта «Түркіменхимия» концерні Түркіменстанның химия өнеркәсібінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Мемлекеттік концерн жеті кәсіпорынды басқарады. «Жасыл» индустрияға көшу «жасыл» экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы өңірлік дамуға, әлеуметтік тұрақтылыққа және экономикалық әлеуетті арттыруға оң әсер етуі мүмкін.
МК «Түркіменхимия» АХҚО Жасыл қаржы орталығымен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Тараптар «Түркіменхимия» компаниялар тобы үшін ESG стратегиясын әзірлеуді, химия өнеркәсібі үшін OҚT шолуын және қоршаған ортаны басқару мен жасыл қаржыландыру бойынша нұсқаулықтарды оқытуды әзірлейді.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту.
Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz