АХҚО Жасыл қаржы орталығының өкілдері Тұрақты даму жөніндегі қаржы орталықтарының Халықаралық желісінің жылдық басты кездесуіне қатысты

АХҚО Жасыл қаржы орталығының (АХҚО ЖҚО) өкілдері Тұрақты даму жөніндегі қаржы орталықтарының Халықаралық желісінің жылдық басты кездесуіне (FC4S’s Annual General Meeting) қатысты, осы жиында АХҚО-ның 2020 жылғы жасыл қаржыландыру саласындағы жетістіктері қатысушылар назарына ұсынылды.

АХҚО Биржасында жасыл облигациялардың алғашқы шығарылымы ерекше атап өтілді, өйткені бұл Қазақстан Республикасында және жалпы Орталық Азияда жасыл капитал нарығының іске қосылуын білдіреді.

Сондай-ақ, FC4S өкілдері жасыл облигациялар эмитенттері мен жасыл несиелер бойынша қарыз алушыларды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану үшін пайдаланылатын елдік Жасыл жобалар таксономиясының әзірленуін жоғары бағалады.

FC4S жасыл қаржыландыруды, оның ішінде жасыл облигацияларды, несиелерді, сақтандыру мен реттеуді дамытудағы тәжірибені, идея мен атқарымдарды бөлісу, жасыл қаржыландыруды дамыту процесі туралы хабардарлықты арттырып, мүдделі тараптарды тартуға үшін құрылған.

Осы бастама аясындағы ынтымақтастықты қолдау бойынша жұмыстарды АХҚО Жасыл қаржы орталығы жүргізуде. АХҚО-мен бірге бұл платформаның негізін Лондон, Париж, Шанхай және басқалар ды қоса алғанда, әлемнің 10 қаржы орталығы қалаған. Қазіргі сәтте платформада 30-дан астам қатысушы мен 10-ға жуық бақылаушы бар.

 

Анықтамалық ақпарат

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді. aifc.kz

AIFC AI assistant