АХҚО Жасыл қаржы орталығы Қырғыз Республикасы үшін жасыл жобалар таксономиясын әзірлейді
Бішкек қаласында АХҚО Жасыл қаржы орталығының (ЖҚО) бас директоры Айдар Қазыбаев Қырғыз Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі Динара Кутмановамен кездесті. Кездесу барысында жасыл жобалардың таксономиясын әзірлеу, ESG қағидаттарын енгізу және халықаралық қаржы ұйымдарымен және қорлармен өзара іс-қимыл жасау арқылы Қырғыз Республикасында жасыл қаржыландыруды дамытуға жәрдемдесу мәселелерін бекітетін ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.
Министр жасыл инвестицияларды ынталандыру тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік экологиялық бағдарламалардың тиімділігінің үлгілерін құру және су ресурстарын басқару үшін ЖҚО тартуға қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, Айдар Қазыбаев Қырғызстан қор биржасында қырғыз эмитентінің дебюттік жасыл облигациясын шығару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ «GFC Bishkek» ЖШҚ еншілес ұйымының қызметі мен жоспарлары туралы айтып, оның басшысы Бекжан Супаналиевті таныстырды.
Тараптар қол қойылған Негіздемелік келісім аясында тұрақты кездесулер мен консультациялар өткізуге келісті.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.
www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz