Ұлттық ESG клубының 2-ші отырысы өтті

2022 жылғы 7 қыркүйекте ұлттық ESG-клубының төрағасы Айдар Қазыбаевтың төрағалығымен клубтың екінші отырысы өтті.

Клубтың барлық мүше – компанияларының өкілдері қатысқан отырыста клуб қызметінің перспективалық мәселелері, оның ішінде алдағы кезеңге арналған түрлі бағыттар бойынша сараптамалық топтардың жұмыс жоспарлары, клубтың ESG қызметін регламенттеу жөніндегі ұсыныстар және т. б. қаралды.

ESG-клубының төрағасы Айдар Қазыбаев сараптамалық топтардың жетекшісі ретінде ESG-бағалауды және ESG-білім беруді енгізу бойынша сараптамалық топтың жұмыс жоспарлары туралы хабардар етті. Ол қазақстандық компанияларды ғана емес, Орталық Азия елдерінің компанияларын да қамтитын ұлттық ESG рейтингі мен стандартын құруды маңызды деп атады.

Айта кетейік, аталған рейтинг “ҚазМұнайГаз”ҰК АҚ саясатында қолданылады. “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ Стратегия және инвестициялар портфелін басқару департаментінің директоры Айша Төребаева рейтингті алу және ұстап тұру өте қиын екенін атап өтті. Ол ESG-бағалаудың ұлттық жүйесін енгізудің және ESG тақырыбы бойынша білім беру қызметтерін дамытудың өзектілігін қолдады. Отырыс барысында ESG академиясын құрудың маңыздылығы атап өтілді. Отырысқа қатысушылар атап өткендей, қазіргі уақытта ESG практикалары бойынша оқыту жүргізетін компаниялар аз.

“GPI Lab” ЖШС директоры Юлия Якупбаева жасыл стандарттар мен өңірлердің ESG рейтингін әзірлеуге қатысатын урбанистика мәселелері жөніндегі жұмыс тобының бастамашысы болды. Ол сондай-ақ ESG бағалауды енгізу бастамаларын қолдады. “Qazaq Independent Directors” тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі Лариса Мельник қауымдастықтың ESG-білім беру саласындағы жетістіктері туралы айтып, корпоративтік басқару бөлігінде ESG саласындағы білім беру бойынша сараптамалық топтың жұмысына қатысуға мүдделілігін білдірді.

ЕАДБ жобалық қызметті қолдау департаментінің мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары жөніндегі директоры Светлана Маслова ESG-Клуб мүшелеріне Жасыл қаржы орталығымен бірлесіп ESG-Market Place әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді, бұл еуразиялық кеңістікте баламасы жоқ бірегей жоба болып табылады.

Отырыстың маңызды сәттерінің бірі жеті жаңа қатысушының ESG клубына кіруі туралы хабарландыру болды.

«Капитал Қазына Менеджмент» АҚ, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ, «ETS KZ Verifiers «ҚР верификаторлар одағы» ЗТБ, «Qazaq Independent Directors» тәуелсіз директорлар қауымдастығы, «Nature First» қоғамдық экологиялық қоры және «CTSolutions» ЖШС, Клубтың 23 қатысушысына сияқты компаниялар қосылды. Осылайша, бүгінгі таңда ESG клубы Қазақстанда тұрақты даму қағидаттарын белсенді ілгерілететін 30 жетекші компанияны біріктіреді.

Отырыс соңында ESG Клубының төрағасы Айдар Қазыбаев Клубтың келесі отырысы 2022 жылғы 3-7 қазан аралығында Астана халықаралық қаржы орталығының алаңында өтетін World Investors Week (WIW) аясында өтетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, WIW аясында бірнеше тақырыптық іс – шараларды біріктіретін алғашқы ESG Investment Forum-2022 өтеді. Форумды Клуб мүшелерінің компания басшылары қатысуымен «ESG клубы Бизнестің тұрақтылығы үшін платформа ретінде» панельдік сессиясы ашады. Сондай-ақ ESG Форумы аясында Алматы облысының ESG әлеуетін таныстыратын “ESG-аймақтар” атты үлкен тақырыпқа арналған жеке сессия өтеді.

«Қаржы секторындағы климаттық тәуекелдер» сессиясының бір бөлігі “GARP Sustainability and Climate Risk” сертификаттау бағдарламасы болады. Жеке сессия Қырғыз Қор Биржасының президенті Медетбек Назаралиевтің қатысуымен Орталық Азия өңірінде ESG құралдарына арналған сессия өтеді.

 

Анықтама: 

Ұлттық ESG клубы 2022 жылғы 28 шілдеде Astana Finance Days 2022 шеңберінде құрылды және өз салаларында ESG-трансформацияның көшбасшылары болып табылатын 19 компанияны біріктірді. Бүгінгі таңда клуб құрамына 30 компания кіреді. 

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz 

АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту.

Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz

AIFC AI assistant