АХҚО Fintech хабы мен Startupbootcamp Нұр-Сұлтан қаласында аймақтық тур өткізіп, Дубайдағы fintech акселераторға стартаптарды іріктеді
«Астана» Халықаралық қаржы отралығының (АХҚО) Fintech хабы Startupbootcamp-пен серіктестікте Орта Азияда алғаш рет қаржы технологиялар стартаптарына арналаған Fast Track шарасын Нұр-Сұлтан қаласында өткізді. Сайысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елінің қатысушыларынан өтініштер Елордада қабылданды.
Нәтижесінде желтоқсан айында Дубайда өтетін қаржы технологиялары акселераторының ақтық іріктеуінде Орта Азияны таныстыратын төрт стартап таңдап алынды:
- Multis (Қазақстан) – тауар алу үшін онлайн кредиттеу платформасы;
- Namba Pay (Қырғызстан)⠀- түрлі төлем қызметтерін біріктірген мобильді қосымша;
- Lending Star (Сингапур/Қазақстан) – шағын және орта бизнесті қаржыландыруды тартатын платформа;
- Tayyab (Қазақстан)⠀- Исламдық банкинг негізінде жұмыс істейтін необанк
«Дубай» Халықаралық қаржы орталығымен (DIFC), Visa, Mashreq және HSBC-мен серіктестікте Startupbootcamp соңғы турында 10 стартапты іріктеп алады. Олар қаржы технологиялары акселераторының үш айлық бағдарламасына қатысады:
- Үздік ментор мен баулушы ⠀
- Startupbootcamp серіктестері мен ғаламдық инвесторлар кеңістігіне мүмкіндік
- DIFC алаңында кеңсе ⠀
- Үш айлық тұру шығынын өтеу үшін 15 000 еуро
- Серіктестік ұсыныстар бойынша 500 000 еуродан астам қаржы
АХҚО Қаржылық технологиялар хабының стартап бағдарламаларды қолдау директоры Тарас Волобуев: «Орта Азияда қаржылық технологиялар стартаптарының қарқынды дамуын көру әрі оларға шетелдік қаржы акселераторларының назар аударуы біз үшін қуаныш. Осыған қарап қаржы технологиялары стартаптарының масштабын аймақтықтан әрі қарата ұлғайтуға болатынына сенеміз».
{img}
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету.