Нұр-Сұлтанда Орталық-Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы Seedstars аймақтық саммитінің 8 стартап-жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, Қазақстан – 22 қараша, 2019Seedstars, дамушы елдердің жетекші стартап қауымдастығы және инвестор, Орталық және Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның беткеұстар стартаптарының арасынан

сынды стартаптарды таңдады. Олар Швейцарияның Лозанна қаласында өтетін Seedstars 2020 саммитінде аймақтың атынан қатысады және Seedstars ғаламдық жеңімпазы атағын, сондай-ақ акционерлік капиталға 500 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі инвестицияны иеленуде бағын сынайды.

Seedstars, дамушы елдердің жетекші стартап қауымдастығы және инвестор, Қазақстанда 20-22 қараша күндері Seedstars Summit CEE 2019 іс-шарасын өткізу үшін Нұр-Сұлтан қаласын ресми түрде таңдады. Саммит Нұр-Сұлтан қаласы әкімді,  Astana Innovations,  «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Қаржы Технологиялары Хабы, VAUD және жергілікті серіктестер: Швейцария елшілігі, Seedspace Nur-Sultan, MOST, сондай-ақ  «Азия Уотер», «Улькер», «Паскуччидің» қолдау көрсетуімен өткізілді. Іс-шараны өткізу орны ретінде АХҚО Қаржы Технологиялары Хабы таңдалды. АХҚО – посткеңестік кеңістіктегі ағылшын құқығының алғашқы юрисдикциясы болып табылады және арнайы виза, салық, еңбек режимі мен басқа да артықшылықтардың арқасында нарықтың дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Seedstars Summit CEE барлық мүдделі тұлғаларға өз компаниясы туралы сөз қозғауға және өзгелермен  әңгімелесуге мүмкіндік берді. Басты күннің алдында буткемп өтті, онда 19 стартапқа бизнесті қалай кеңейту керектігі үйретілді, Буткемпті Пьер-Ален Массон (Seedstars басқарушы серіктесі) жүргізді. Бұдан кейін Инвесторлар Форумы басталды, онда стартаптар Арай Бекембаева (Болт), Алена Ткаченко (Номми), Летиция Монте (Phillips Health Systems), Патрик Бостилс (Stage-Co), Джозеф де Леон (Gravitas Prime), Арсалан Альфред Ни (AV Ventures), Александр Бондарев (Credo Ventures), Амбарцум Кагкецян (SmartGateVC), Қайрат Қалиев (АХҚО) сынды жетекші жергілікті, халықаралық менторлар және инвесторлармен 250-ден астам жеке кездесулер өткізді.

Саммит күнінде (22 қараша) стартаптар корпорация өкілдерінен, инвесторлардан, Орталық және Шығыс Еуропа мен Азияның энтузиастарынан құралған 200-ден астам қонақтың алдында негізгі сахнада 3-минуттық презентацияларын көрсетті. Саммитке, сонымен қатар әлемдік компаниялардың, бизнес-инкубаторлардың және венчурлық қорлардың спикерлері қатысты. Атап айтсақ, Espree Devora, Amazon-нан Ричард Пол Готье (АҚШ), Urban Impact-тан Йонас Шорр (Германия), ChocoFamily-ден Рамиль Мухоряпов (Қазақстан), CleverBooks-тен Дарья Егорина (Ирландия), EFMA және Google Developers-тен Рудрадеб Митра (Польша).

{img}

“Бұл мен қатысқан ең үлкен шаралардың бірі. Seedstars Summit CEE тіпті өзім қатысып көрген силиконды алаптағы акселератордан да жақсы деп ойлаймын. Мұнда менторлар мен инвесторлардың деңгейі жоғары» , – деп өз әсерлерімен бөлісті Ресейден келген Дарья Крошкина, StudyFree стартапы.

«Біз осындай инновациялық идеялары мен ғажайып энергиясы бар, 15 елдің стартаптарының бізде басқосқанына қуанамыз әрі мақтан етеміз. Саммиттің бұл аптасында олар тәлімгерлерден білім алуға әрі олардың бизнес үлгісін инвесторларға таныстыруға мүмкіндік алды. Айлап істелген жұмыстың арқасында Орталық және Шығыс Еуропаның технологиялық алаңдары маңында халықаралық қауымдастықты біріктірудің үлкен тәжірибесі көрсетілді деп ойлаймын», – дейді Саммиттің Бас Менеджері Евгения Шевченко. 

– SEEDSTARS туралы

Seedstars – швейцариялық жекеменшік компаниялар тобы болып табылады. Оның мақсаты – дамушы нарықтағы адамдар өміріне технологиялар мен кәсіпкерлік арқылы әсер ету. Seedstars қызметі 80-ге жуық дамушы экожүйені қамтиды. Олардың ішінде Seedstars World Competition, акселераторлық бағдарламалалар, Seedspace венчурлік инвестициялар мен компанияларды құру жөніндегі қызмет сияқты түрлі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы да бар. 

АХҚО Қаржы Технологиялары Хабы туралы

АХҚО Қаржы Технологиялары хабы – дүниежүзілік стартаптар, кәсіпкерлер, инвесторлар, индустрияның жетекші сарапшылары мен мамандары түйісетін орын. АХҚО-дағы қаржы технологияларды дамытуға осы салада шешім қабылдау және өнімді сынауға мүмкіндік беретін арнайы әзірленген ережелер мен реттеуші, жергілікті және халықаралық серіктестік, таланттарды дамыту, стартаптарды қолдау бағдарламалы жатады. www.aifc.kzwww.fintech.aifc.kz

Бұқаралық ақпарат құралдары үшін:

Жоғары сапалы суреттер, логотиптер және басылымға арналған ақпарат, сұхбат нұсқалары біздің Media Kit-те қолжетімді.

22 қарашада болатын іс-шараға және сағат 18:00-де болатын баспасөз конференциясына қатысу үшін БАҚ өкілдері мына жерде тіркеліп, аккредитациядан өте алады.

Байланыс

БАҚ-пен байланыс, Seedstars

Laura Eboa Songue

[email protected]

AIFC AI assistant