«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы мен Seedstars өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумы аясында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) және дамушы елдердің жетекші стартап-қоғамдастықтары мен инвестор Seedstars компаниясы Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Құжатқа сәйкес АХҚО мен Seedstars арасындағы ынтымақтастық стартаптарды қолдау бағдарламаларын іске асыру мен стартап экожүйесін дамытуды, Орталық Азия аймағына венчурлік қаржыландыруды енгізуді қамтитын болады.

«Біз инвестициялық және инновациялық әлеуетті дамытумен айналысатын ірі халықаралық компаниялардың бірі Seedstars-пен ынтымақтастық орнатқанымызға қуаныштымыз. АХҚО жыл сайын өңірлік қолдау бағдарламаларын өткізіп, стартаптарға ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл ынтымақтастық Қазақстан мен Орталық Азияның стартаптарына инвестиция тартуға және технологиялық жобалар саласында кәсіпкерлердің жаңа буынын дамытуға тың серпін береді», – деп атап өтті АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

«АХҚО Қазақстандағы Seedstars-тың сенімді серіктесі. Сонымен қатар біз ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылауға ниеттіміз. Себебі бізде сәтті жүзге асқан ынтымақтастықтың тәжірибесі бар. Соған сүйене отырып қазақстандық кәсіпкерлерге білім беру бағдарламаларымыз бен қаржылық қолдауымыздың арқасында ұзақ мерзімге ықпал етеміз деген үміттеміз. Себебі біздің негізгі мақсатымыз жергілікті экожүйені қолдау мен аймақтық әрі халықаралық инвесторларды Қазақстанға тарту үшін қолайлы жағда       й жасау» – Пьер-Алан Массон, Seedstars бірлескен құрылтайшы.

2019 жылдың қараша айында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында АХҚО-ның Финтех хабымен әріптестікте Орталық-Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы Seedstars өңірлік саммиті өтті. Сондай-ақ 2018 жылы АХҚО-ның бастамасымен Seedstars Қазақстанда FintechStars халықаралық акселерациялық бағдарламасын өткізді. 


Анықтамалық ақпарат:

 «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету.

Seedstars бұл швейцариялық жеке компаниялар тобы. Оның міндеті – технологиялармен және кәсіпкерлікпен дамушы нарықтардағы халқтың өміріне ықпал ету. Seedstars қызметі 80-нен астам дамушы экожүйені қамтиды. Атап айтқанда Seedstars World Competition – акселерациялық бағдарламалары, Seedspace хабтары, венчурлік инвестициялар мен компанияларды құру жөніндегі қызмет.

AIFC AI assistant