Қазақстандағы заттар интернетінің дамуы: АХҚО Tech Hub халықаралық және жергілікті сарапшылармен воркшоп өткізді

ДЭФ-ның үлестес 4ӨР орталығы «Қазақстанда заттар интернетінің (IoT) және заттардың өнеркәсіптік интернетінің (IIoT) цифрлық технологияларын енгізу және дамыту» тақырыбында воркшоп өткізді.

Іс-шараның іскерлік бағдарламасы Қазақстан нарығында заттар интернетінің технологияларын енгізу бойынша мәселелерді жария етті. Воркшопқа 80-нен астам адам қатысты, олардың 25-і офлайн кездесуге қатысты.

Сессияның модераторы АХҚО Tech Hub бас директоры Павел Коктышев болды. Шақырылған халықаралық сарапшы, AproTech Kaspersky шешімдерінің сәулетшісі Дмитрий Соколов технологиялық процестердегі негізгі сын-қатерлер мен өзгерістермен, сондай-ақ өндірісті трансформациялау тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара қатысушылары өнеркәсіпте тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін Төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын пайдалануға көмектесетін негізгі басым салаларды шешу үшін қосымша кедергілер мен мүмкіндіктерді талқылап анықтады.

Спикерлер мен пікірталасқа қатысушылар арасында мемлекеттік органдардың өкілдері (ҚР ИИДМ, ҚР ЦДИАӨМ, Алматы қ. цифрландыру басқармасы); квазимемлекеттік сектор субъектілері (QazIndustry, Astana Innovations); «Атамекен» ҚР ҰКП және жергілікті кәсіпорындардың, салалық қауымдастықтардың басшылары (машина жасау, жеңіл өнеркәсіп және т. б.); телеком операторлары (Қазақтелеком, Transtelecom, Beeline) болды); IT құрылғыларын/шешімдерін/қызметтерін жеткізушілер (WavIoT, e-Knot, Siemens) және басқа сарапшылар.

Вебинардың толық жазбасын мына сілтеме бойынша көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=sxOH08i4UWk

 

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz

АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті – Қазақстанда стартап экожүйесін, венчурлік индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech, GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0. және т.б.) дамытуға көмектесу. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларына қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізеді, венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеушісі аясында жаңа финтех шешімдерін сынауға жәрдемдеседі. www.tech.aifc.kz

Төртінші өнеркәсіптік революциясының Қазақстандағы Аффилденген орталығы Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) АХҚО және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп 2021 жылғы шілдеде іске қосты. АХҚО Tech Hub Қазақстандағы 4 өнеркәсіптік революцияның аффилиирленген орталығы 2021 жылғы шілдеде іске қосылды және 2021 жылғы қыркүйекте жұмыс істей бастады және ол айрықша мүмкіндіктер мен ресурстарды ұсынады.

AIFC AI assistant