AIX-тегі «Қазатомөнеркәсіп» құнды қағаздарының сатылым көлемі IPO-ға сатылымға шыққалы бері 16 млн АҚШ долларына жуық
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Биржасы (АХҚО Биржасы, AIX) іске қосылған күнінен (2018 жылдың 14 наурызынан) бүгінге (2019 жылдың 14 наурызын қоса есептегенде) дейінгі аралықтағы сауда қызметіне шолу жасайды.
AIX-те аталған уақыт аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құнды қағаздарын сату көлемі 15,9 млн АҚШ долларына жуық.
Атап айтқанда, жай акцияларды сату көлемі 5,4 млрд теңгені (1 101 537 жай акция), ғаламдық депозитарлық қолхат – 1,7 млн АҚШ долларын (130 142 ҒДҚ) құрады.
Қазатомөнеркәсіпке тиесілі ҒДҚ мен акциялар бойынша сауда-саттықтың айлық орташа көлемі 4 млн АҚШ долларына жуық.
Бұл ретте айналым ақпан айында акциялар бойынша 50%, ал ҒДҚ бойынша 95%-ды құрады. Бұл шекаралық нарық үшін жоғары көрсеткіш болып табылады. «Қазатомөнеркәсіп» құнды қағаздары бойынша сауда айналымының 66%-ын бөлшек сауда инвесторлары қамтамасыз етеді.
Сұраулар:
AIX. «Астана» халықаралық биржасы 2017 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында құрылды. 2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы саудасын ашты. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және сондай-ақ, АІХ сауда платформасын ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. www.aix.kz
АХҚО. АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. 2015 жылдың желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев “Астана” халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету болып табылады.