AIX ESG-облигацияларымен жауапты қаржыландыру өнімдерінің желісін кеңейтті

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») 2022 жылдың 5 желтоқсанынан бастап Биржаның Облигацияларды шығару және листингі жөніндегі қағидаларының жаңа тарауына сәйкес AIX-тегі әртүрлі ESG-санаттарға жататын жауапты қаржыландыру өнімдерінің желісі кеңейіп келе жатқанын қуана хабарлайды. Белгілі бір ESG санаты облигацияларға эмитент ESG саласындағы Биржа таныған халықаралық стандарттардың біріне сәйкестігін растаған кезде «ашық архитектура» қағидаты бойынша беріледі. Бұл құрылым эмитенттерге тұрақтылыққа қатысты жобаларын қаржыландыру үшін ең қолайлы ESG стандартын таңдауда икемділік береді. ESG-облигацияларға тағайындалған санат тиісті ESG стандартын көрсетеді және әлеуметтік, тұрақты, көгілдір облигацияларды, транзиттік облигацияларды және тұрақтылыққа байланысты басқа санаттағы облигацияларды қамтуы мүмкін.   

AIX реттеу және комплаенс жөніндегі директоры Евгения Богданова:

«2021-2022 жылдары орнықты қаржыландырудың халықаралық нарығы дамуын жалғастырған кезде AIX АХҚО-да жауапты инвестициялау құралдарына сұраныстың артқанын байқады. Орнықты қаржыландыру нарығы нарықтың қажеттіліктері мен реттеуші талаптарды ескере отырып дамитын болғандықтан, біз эмитенттеріміздің орнықты дамуға байланысты өз жобаларын қаржыландырудағы қажеттіліктеріне жауап беретін АХҚО-да орнықты қаржыландыру құралдарының желісін кеңейтуді ұйғардық», – деп түсіндірді. 

AIFC GFC Бас директорының орынбасары Әсел Нұрахметова:

«Біз бизнестен жасыл облигациялармен шектелмейтін жаңа өнімдерге сұранысты көріп  отырмыз. AIX-те ESG облигациялар сегментін құру эмитенттерге және инвесторларға өз жобаларын қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге және энергияның ауысуы мен климаттық күн тәртібіне қатысты орта және ұзақ мерзімді перспективада көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беріп, сондай-ақ дамыған нарықтарда құралдары кеңінен ұсынылған тұрақты инвестицияларды тартуға мүмкіндік туғызады».

Облигациялардың ESG санаттары және Биржа таныған ESG-стандарттар AIX сайтында «Қағидалар мен ережелер» бөлімінде жарияланған.

 

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат  сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) –2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекіту болып табылады. www.aifc.kz 

AIFC AI assistant