АХҚО ҚХР қаржы институттарымен ынтымақтастықты кеңейтуде

Басқарушы Қ. Келімбетов бастаған «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) делегациясы Қытай Халық Республикасының Хайнань провинциясы, Боао қаласындағы 8-11 сәуір күндері өткен жыл сайынғы Боао-2018 Азия форумына қатысты.

Форумның 60-тан астам ресми пікірталастар арасында АХҚО жұмысында маңызды болып табылатын блокчейн, жаңа сауда-саттық, өндіріс пен байланыстың келешегі тақырыптарындағы «Инновация» блогына ерекше назар аударылды.

«Біз қазіргі таңда Қытайдың ірі инвестициялық банктерімен келіссөздер жүргізіп отырмыз. Шанхай қор биржасы (SSE) АХҚО биржасының (AIX) стратегиялық серіктесі пен акционері болып табылады, ол өз кезегінде Қытайдың инвестициялық өтімділігіне жол ашады. Қытайдың қаржы саласындағы озық тәжірибесімен қатар, біз қаржы технологиялар саласына қызығушылық танытып, Қытайда осы сала қарқынды дамып келе жатқандықтан, Қытай компанияларын әріптестікке шақырып отырмыз», – деді Қайрат Келімбетов қаржы жүйесін дамытуға арналған панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде.

 Екі мемлекеттің стратегиялық серіктестігі «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде АХҚО-ның қаржы қызметтерінің орталығы ретінде өз орнын табуға мүмкіндік береді.

А.ж. 11 сәуірде делегация Шанхай қаласында АХҚО серіктесі Шанхай қор биржасы алаңында ұйымдастырылған «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры» АҚ-ның «Инвестор күні» іс-шарасына қатысты. «Самұрық-Қазына» қорының Басқарма Төрағасы Есімов А.С., ҚХР-дағы ҚР Елшісі Нұрышев Ш.Ш., Шанхай биржасының Президенті Хуан Хунюань және Басқарушы Келімбетов Қ.Н. мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы аясындағы Қазақстанның инвестициялық мүмкіншіліктерін бірлесіп таныстырды.

АХҚО делегациясының сапары аясында қытайлық бизнес өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізіліп қытайлық қаржы институттарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Шанхай қаласында  брокерлік, инвестициялық-банктік және корпоративтік қаржы қызметтер көрсететін «Haitong Securities» компаниясымен өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Сонымен қатар «Shenwan Hongyuan Securities» бағалы қағаздар саласындағы консалтингтік және брокерлік қызметтер көрсететін ірі қытай компаниясымен меморандумға қол қойылды.   

Бейжің қаласында ҚХР-дың үш жетекші банктерінің басшылығымен келіссөздер жүргізілді, олардың ішінде Қытай Банкі, Қытай Құрылыс банкі және Қытай Сауда-өндірістік банкі. Келіссөздер нәтижесінде Қытайдың Сауда-өндірістік банкімен және андеррайтинг, инвестициялық консультация, брокерлік қызметтер, активтер мен капиталды басқару қызметтерін көрсететін «CITIC Securities» компаниясымен меморандумға қол қойылды. Қаржы нарығының жаңа мүшесі ретінде Қытайдың көшбасшы банктер мен компаниялармен меморандумдарға қол қойылғаны, АХҚО үшін қалыптасу және даму жолындағы өте маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, АХҚО делегациясы «Астана» халықаралық қаржы орталығының және Қор (Astana International Exchange) қызметіне Экономикалық Жібек Жолы шеңберінде жобаларды насихаттау тұрғысынан қызығушылық білдіретін Жібек Жолы Қорының басшылығымен кездесу өткізді.

Сапардың тағы бір маңызды оқиғасы АХҚО делегациясының Қытай Халық банкі мен «Macroeconomic and Financial Frameworks for Successful Implementation of the Belt and Road Initiative» Халықаралық валюта қоры жоғары деңгейдегі конференциясына қатысып, АХҚО Басқарушысы қаржы орталығының таныстырылымын өткізіп, қызметі туралы айтып бергені болды. Конференцияда басты спикерлер ретінде Қытай Халық Банкінің Төрағасы И Ган, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард, ҚХР даму және реформа Комитетінің Бас хатшының орынбасары Фань Хэншань, Қытай даму Банкінің атқарушы Вице-Президенті Ван Юншэнь және т.б. қатысты. 

Сұраулар:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

www.aifc.kz

 Astana International Exchange (AIX). 2017 жылдың қазан айында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Директорлар Кеңесі отырысының аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы» – Astana International Exchange құру туралы шешім қабылданды.

АХҚО Биржасының басты стратегиялық серіктестері – акционерлік келісім жасасқан Шанхай қор биржасы және техникалық платформасын қамтамасыз еткен Nasdaq. Шанхай қор биржасы мен NASDAQ әлемнің бүкіл биржалардың бестігіне кіретіндігін атап өту керек. AIX-тің рөлі ішкі ресурстарды жұмылдыру және шетелдік портфелдер ағымдарын тарту арқылы ішкі және өңірлік дамуды қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, Биржа іскер тәжірибелерді жақсарту жолымен тиімді басқаруға жәрдемдеседі. www.aix.kz 

AIFC AI assistant