Қазақстан Үкіметі АХҚО базасында Инвестиция және инвестициялық хаб жөніндегі үйлестіру Кеңесін құрды

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Ұ. Маминнің төрағалығымен инвестициялар тарту мәселелері бойынша Үкімет отырысы өтті.
Кеңес барысында Қазақстандағы инвестициялық қызметті жетілдіру бойынша жаңа тәсілдер қаралды.
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ел экономикасының өсуін арттыруда тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Инвесторлармен тиімді өзара іс-қимыл және үйлестіру үшін, сондай-ақ бар проблемаларды шешу үшін инвестициялық омбудсмен функциясын ҚР Премьер-Министрі А. Маминге жүктеу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, Үкімет басшысының төрағалығымен шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі Үйлестіру Кеңесі құрылатын болады. 
«ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев экономика өсімінің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету бойынша міндет қойды, бұл бізден орта мерзімді кезеңде негізгі капиталға инвестиция көлемін ЖІӨ-нің 30% деңгейіне дейін арттыруды талап етеді. Негізгі драйвер тікелей шетелдік инвестициялар болуы тиіс», – деді ҚР Премьер-министрі А. Мамин.
Сонымен қатар, отырыс қорытындысы бойынша инвестицияларды тарту және Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін ілгерілету (Өңірлік инвестициялық Хаб), инвесторларға “бір терезе” қағидаты бойынша қызмет көрсету және инвестициялық жобалардың бірыңғай пулын қалыптастыру бойынша жұмыстарды үйлестірудің бірыңғай орталығы болып «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) белгіленді.
Сондай-ақ «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін АХҚО сенімгерлік басқаруына беру туралы шешім қабылданды.
 «Қазіргі уақытта АХҚО алаңында АХҚО соты, Халықаралық төрелік орталығы, АХҚО биржасы, Экспат орталық түрінде қажетті инфрақұрылым қалыптастырылды. АХҚО-ның негізгі міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу және қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру болып табылады. АХҚО әлемдік бизнес-қоғамдастық арасында өзін ыңғайлы алаң ретінде көрсетті және біз осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», – деп атап өтті АХҚО Басқарушысы Қ. Келімбетов.

 

Сұраулар:

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.
www.aifc.kz

AIFC AI assistant