АХҚО алаңында АЭФ аясында ашық дәрістер өтті
Астана экономикалық форумы аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Astana International Campus алаңында урбанистика, әлемдік экономика және жаңа индустриялар саласындағы сарапшылардың қатысуымен AEF Talks ашық дәрістері өтті.
Іс-шара Қазақстанда адам капиталының индексін арттыру және үздіксіз кәсіби дамыту мақсатында халықаралық экономика саласында білім мен тәжірибе алмасу үшін ашық сараптамалық пікірталасқа аудиторияны тартуға және хабардар болуды арттыруға бағытталған.
AEF Talks барысында төртінші өнеркәсіптік революция және қалалардың болашағы сияқты тақырыптар талқыланды. Спикерлер болашақ өнеркәсіп пен урбанистика көрінісімен бөлісті.
Іс – шараға Колумбия университетінің тұрақты даму мәселелері жөніндегі орталықтың директоры, 2015 жылғы «көгілдір планета» сыйлығының лауреаты Джеффри Сакс, постиндустриялық қоғамды зерттеу орталығының директоры, халықаралық істер жөніндегі Ресей Ғылыми кеңесінің мүшесі Владислав Иноземцев, Ресейде Accenture ресурстары мен индустриясы практикасының жетекшісі Николас Гутьеррес және Ресейде Accenture компаниясының Басқарушы директоры, «Технология» департаментінің басшысы Мария Григорьева қатысты.
AEF Talks АХҚО Бюросы (BCPD, Ltd), Экономикалық зерттеулер институты, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК, сондай-ақ Қазмедиа орталығы БАҚ саласындағы БАО (Медиамектеп) бастамасымен және қолдауымен өтті.