АХҚО Құқықтық қызметтерді реттеу жөніндегі Кеңес панелінің үшінші отырысы өтті

Лондондағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимаратында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Құқықтық қызметтерді реттеу жөніндегі Кеңес панелінің (Кеңес панелі) отырысы өтті.  

Жиында АХҚО-ның заңгерлік қызметтер аясын кеңейту мақсатында бірқатар құжаттар қаралды. Оның ішінде Заңгерлік білім беру мен кәсіби машықтандыру, шетелдік тәжірибесі бар заңгерлердің қызметін растаудың тәртібі және т.б. тақырыптар бар. 

АХҚО-ның Құқықтық реттеу жөніндегі Кеңес панелі (Кеңес панелі) 2019 жылы АХҚО-да құқықтық қызметті реттеудің үздік халықаралық тәжірибесін енгізуді қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Кеңес панелінің міндеттері құқықтық қызметті реттеудің ең үздік халықаралық стандарттарын айқындау, нормативтік мәселелер бойынша стратегиялық кеңестер мен сараптамалық кеңестер беру, АХҚО-ның құқықтық реттеу актісін әзірлеу әдістемесі мен тәсілдерін және басқа мәселелерді анықтау болып табылады.

AIFC AI assistant