АХҚО артықшылықтары мен мүмкіндіктері Бельгия бизнес ортасына таныстырылды

          «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен «АХҚО: Қазақстан, Бельгия және Люксембург арасындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.          

          Аталған іс-шараның мақсаты Бельгия мен Люксембург бизнес-қоғамдастығының мүдделі өкілдеріне Қазақстанға инвестициялаудың артықшылықтарын ұсыну болып табылады.

          Іс-шараға Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшісі А. Куспан, АХҚО стратегиялық мәселелер жөніндегі басшысы Александр Ван де Путт, АХҚО бизнесті дамыту жөніндегі тобының басшысы Джеймс Мартин қатысты.

          А. Ван де Путт сөйлеген сөзінде АХҚО-ның географиялық орналасу маңыздылығы мен негізгі артықшылықтары туралы, 36 елден келген халықаралық компаниялардың көрсеткен қызығушылығы, олардың 387-і АХҚО-да тіркелген туралы айтты.

          Сонымен қатар, сұрақтарға жауап бере отырып, қатысушылар АХҚО-ның 5 жыл ішіндегі жетістіктері, алдағы жоспарлары, жаңа қаржылық технологияларды енгізу және т. б. туралы ақпараттандырылды.

  

            Анықтамалық ақпарат:

             АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. «АХҚО туралы» Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.

www.aifc.kz

AIFC AI assistant