Алғашқы қазақстандық заңгерлер АХҚО-дағы Халықаралық Төрелік Орталығы төрешілер және медиаторлар коллегиясына қосылды

Еуропа, Алматы және Астанадағы Dentons-тың басқарушы серіктесі, Қазақстан заңгерлер қауымдастығы Басқарма кеңесінің (KazBar) төрағасы, Айгүл Кенжебаева ханым ХТО құрамына Төрағасы Барбара Доман ханыммен тағайындалды.

Кенжебаева ханымның заңгер әрі төреші ретінде тәжірибесі 35 жылдан асады. Ол төрелік және дауларды шешу, корпоративтік құқық, энергетика және табиғи ресурстар, МЖӘ және инфрақұрылымдық жобалар, зияткерлік меншік және монополияға қарсы заңнама саласында маманданған. Ол үнемі Сhambers Global және Legal 500 анықтамалықтарында қазақстандық заң сарапшысы ретінде танылады.

Кенжебаева ханымның айтуынша:

“ХТО Қазақстандағы заң құқығының үстемдігін орнатудағы маңызды құрылыс бөлігі болып табылады. ХТО төрешілер мен медиаторлар коллегиясына шақыруы мен Қазақстан заңгері және төрешісі ретінде өз тәжірибемді жетекші төрелік институттар үшін іске асыру мен үшін үлкен құрмет.”

ХТО төрешісі сонымен қатар ХТО төрешілер және медиаторлар коллегиясына Қазақстан Республикасындағы Baker & McKenzie – CIS Limited кеңесшісі Александр Коробейников мырзаны тағайындады. Коробейников мырзаның Қазақстан және Еуропа өңірінде халықаралық төрелік және коммерциялық сот ісін жүргізуде тәжірибесі зор.

Коробейников мырза:

“Шетел инвесторлары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығын құру бастамасын қолдайды. Осы инвесторлар АХҚО ұсынатын мүмкіндіктерге, соның ішінде дауларды АХҚО сотында және ХТО-да халықаралық стандарттарға сәйкес шешу үшін жаңа нұсқаларға деген үлкен үміт артады.

ХТО тараптарға жайлы төрелік ережелерін қабылдады, сондай-ақ оның Төрағасы Доман ханым ХТО төрешілер және медиаторлар коллегиясына тәжірибелі әрі абыройлы төреші мамандарды тағайындады. Мен үшін осындай төреші мамандар арасында болу үлкен құрмет және мен ХТО қызметтерін қолданатын тараптар үшін жоғары сапалы қызмет көрсету үшін бар күшімді салып жұмыс істеуге уәде беремін.” – деп атап өтті.

“Мен Кенжебаева ханым мен Коробейников мырзаға осы төрешілер және медиаторлар коллегиясына хош келдіңіздер деп айтуға қуаныштымын. Бұл Қазақстан заңгерлер қауымдастығының Астана қаласында коммерциялық дауларды шешу үшін үздік халықаралық төрелік және медиациялық қызметтер көрсету мақсатында жаңа Халықаралық Төрелік Орталығын құру ниетінің айқын белгісі. Біздің жаңа екі төрешіміз ХТО дамыту жолында өздерінің құнды тәжірибесін әкеледі.” – деді ХТО төрағасы Барбара Доман.

Қазіргі уақытта ХТО тізіміне Қазақстанды қоса алғанда, түрлі юрисдикциялардан 28 тәуелсіз, білікті және беделді халықаралық төрешілер мен медиаторлар кіреді.

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. www.aifc.kz 

АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.

АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады. 

Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады. 

AIFC AI assistant