АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті және Қытайдың банк және сақтандыру қызметін реттеу комиссиясы банктік және сақтандыруды қадағалау саласындағы ынтымақтастықты күшейту үшін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды
АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті («AFSA») Қытайдың банк және сақтандыру қызметін реттеу комиссиясымен («CBIRC») өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қол қою салтанаты CBIRC делегациясының Астана халықаралық қаржы орталығына («АХҚО») ресми сапары барысында жүзеге асырылды.
Меморандумға CBIRC төрағасы Гуо Шукинг мырза, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов және AFSA Бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Бубеев мырза қол қойды. Тараптар трансшекаралық банк және сақтандыру мекемелерін екі құзыреттілікте қадағалау саласындағы серіктестікті дамытуға және CBIRC және AFSA арасындағы сәйкес ақпарат алмасуға мүмкіндік жасауға келіскен.
Гуо Шукинг мырза Меморандумға қол қоюды қолдап, «CBIRC және AFSA арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою Қытай мен Қазақстан арасындағы реттеуші серіктестікті нығайтудың қосымша іргетасы болып табылады, ол алдағы уақытта банк қызметтері және сақтандыру саласындағы екі жақты өзара әрекеттестікті дамытуға және екі жақты экономикалық және сауда қатынастарын қолдауға мүмкіндік береді» деп айтып өткен.
Келімбетов мырза Меморандумға қол қоюдың маңыздылығына тоқталып: «Мен Қытайдың банктік және сақтандыру қызметін реттеу жөніндегі комиссиясы мен АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитеті арасындағы серіктестікті қолға қоюды қолдаймын. Реттеушілер арасындағы тиімді өзара әрекеттестік «Бір белдеу, Бір жол» бастамасы шеңберінде Қазақстан-Қытай серіктестігін дамытуға мүмкіндік жасайтынына сенімдімін» деп пікір білдірді.
Бубеев мырза: “Біз AFSA және CBIRC арасындағы ортақ мүддені білдіретін серіктестікті кеңейтетін Меморандумға қол қоюға қуаныштымыз, ол екі тараптан банк және сақтандыру қызметтері саласындағы ақпарат алмасу және қадағалауды күшейту мақсатында қажет” деп айтып өтті.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Орталық өз қызметін 2015 жылы желтоқсан айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО мақсаты қаржы қызметтері және капитал нарығы саласында инвестиция салу үшін тартымды орта құру мақсатында, оның ішінде, бағалы қағаздар, банк қызметтері және исламдық қаржыландыруды қоса алғанда ел экономикасына инвестиция тарту болып табылады.
AFSA АХҚО тәуелсіз реттеушісі, Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес, «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қызметпен байланысты қаржы қызметтерін реттеу мақсатында құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA АХҚО қаржы компаниялары және нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау және қадағалауды қарастыратын ережелері мен қағидаларын жүзеге асырады.
CBIRC өз қызметін ҚХР банктік қадағалау және реттеу туралы заңына және ҚХР сақтандыру туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырады. CBIRC сақтандыруда андеррайтинг, депозиттерді қабылдау, есеп айырысуды ұйымдастыру және ҚХР коммерциялық банктер туралы заңына және ҚХР компаниялар туралы заңына сәйкес басқа да қызметтер түрлерін жүзеге асыратын қаржылық мекемелерді реттеу мен қадағалау үшін жауапкершілікте болады. CBIRC Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесіне тікелей бағынатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Мемлекеттік кеңес CBIRC нарықтың тұрақты дамуын, заңдылығы мен тиісті жұмысын қамтамасыз ету үшін Қытайдың банктік және сақтандыру нарығын әкімшілендіру, қадағалау және реттеуді жүзеге асыруға өкілеттілік берген.