АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Литва Банкі қаржылық қызмет көрсету саласындағы инновацияны ілгерілету үшін ынтымақтастық туралы келісімге келді

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – «AFSA») Литва Банкімен ынтымақтастық орнатты.

Келісім ынтымақтастық үшін шекті бағдарламаны, АХҚО мен Литва Банкі арасындағы финтех инновациялары саласындағы ақпарат және ұсыныстар алмасуды қамтамасыз етеді. Тараптар ынтымақтастық тиісті нарықтағы инновацияның ілгерілеуіне септігін тигізеді деп санайды. Сонымен бірге, ынтымақтастық сандық және мобильді төлемдер, блоксызбалар мен таратушы реестрлер, ауқымды деректер, икемді платформалар (API) және жаңа технологиялар мен қызметтердің басқа да салаларында маңызды технологияларды қолдану бойынша бірлескен жобаларды әзірлеудің әлеуетті мүмкіндігін қарастырады.  

Екі ұйымда да инновациялар бойынша мықты командалар қалыптасты, олардың жұмысы технологиялық инновацияларды дамытуға және енгізуге ұмтылатын компанияларды қолдауға бағытталған. Осы саладағы күш біріктіруі екі юрисдикцияда да инновациялық компаниялар үшін көп мүмкіндіктер ашады.

  

Анықтамалық ақпарат:

 

АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Орталық өз қызметін 2015 жылы желтоқсан айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО мақсаты қаржы қызметтері және капитал нарығы саласында инвестиция салу үшін тартымды орта құру мақсатында, оның ішінде, бағалы қағаздар, банк қызметтері және исламдық қаржыландыруды қоса алғанда ел экономикасына инвестиция тарту болып табылады.

www.aifc.kz

 

 AFSA АХҚО тәуелсіз реттеушісі, Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес, «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қызметпен байланысты қаржы қызметтерін реттеу мақсатында  құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA АХҚО қаржы компаниялары және нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау және қадағалауды қарастыратын ережелері мен қағидаларын жүзеге асырады.

Финтех үшін АХҚО-ның реттеушісі  – бұл финтех саласының жаңашылдарына бақыланатын ортада реттеуші органның қадағалауымен нақты уақытта эксперимент жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы құрылым.  

www.afsa.kz


Литва Банкі
Литваның Орталық банкі болып табылады.
www.lb.lt/en/

AIFC AI assistant