АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті Азиялық сақтандыру реттеушілер форумының мүшелігіне кірді

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) тәуелсіз реттеушісі АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (АФСА) Азиялық сақтандыру реттеушілер форумының (Форум) 22-ші мүшесі атанды.

Форум түрлі елдердің, соның ішінде Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Дубай, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б. реттеуші органдарын біріктіретін Азиядағы сақтандыруды реттеу саласындағы ынтымақтастықтың негізгі тетігі болып табылады.

Форумға қатысу АФСА-ның сақтандыру саласындағы ынтымақтастыққа, шекарааралық тәуекелдерді болдырмау және олардың салдарын азайтуға, жалпы реттеу үдерісін жақсартуға ықпал етеді. Бұл сонымен қатар форумның басқа мүшелерімен ақпарат алмасу, кадрлар және реттеу саласындағы тәжірибе алмасуға жағдай жасайды.

Форумның мүшесі ретінде, АФСА сақтандыруды реттеудің жалпыазиялық тәсілін жетілдіруге қатыса алады және осы бағытта ортақ ұстанымдарды дамыта алады.

 

Қосымша ақпарат:

АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Орталық 2015 жылғы желтоқсан айында қабылданған «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға сәйкес қызмет етеді. АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

www.aifc.kz

 

АФСА АХҚО тәуелсіз реттеушісі, «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметті және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA қаржы компаниялар мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау, және қадағалау секілді АХҚО қызметтерін реттейді.

www.afsa.kz

 

Азиялық сақтандыру реттеушілер форумы – сақтандыру саласындағы азиялық реттеушілер ынтымақтастығының аймақтық алаңы. Форум 2006 жылы Азия мен Мұхиттағы сақтандыру реттеушілері арасындағы ақпарат алмасуды, ынтымақтастық пен өзара түсінушілікті жетілдіру және трансшекаралық бақылауды күшейту мақсатында құрылды.

http://www.afirweb.org

AIFC AI assistant