АХҚО-да Халықаралық инвесторлар апталығы 2019 өтеді
Қаржы қызметтері тұтынушыларын қорғау, инвестициялар негіздері және АХҚО-дағы бизнесті жүргізу шарттары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 30 қыркүйектен 6 қазанға дейін «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) «Халықаралық инвесторлар апталығын» өткізуді жоспарлап отыр.
Халықаралық инвесторлар апталығы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымы (IOSCO) қолдауымен жыл сайын өткізіліп, оған 6 континенттің 80 елінің қаржылық реттеушілері қатысады. IOSCO – бағалы қағаздар нарығының реттеуші органдарын біріктіретін халықаралық ұйым. IOSCO мүшелері бағалы қағаздардың әлемдік нарығының 95% -дан астамын 115-тен астам юрисдикцияларда реттейді.
Халықаралық инвесторлар апталығын өткізу АХҚО-ның қаржылық қызметтер тұтынушыларын қорғау бойынша IOSCO стандартына бейілділігін дәлелдейді. Өткен жылы IOSCO қамқорлығымен «АХҚО Халықаралық инвесторлар апталығы 2018» Қазақстанның 7 қаласында ұйымдастырылып, оған 3500-ден астам адам қатысты.
Биылғы Халықаралық инвесторлар апталығы-2019 шеңберіндегі АХҚО іс-шаралары 30 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Investor Awareness Roadshow атты ұлттық деңгейдегі кампания шеңберінде Қазақстанның 6 қаласында – Петропавл, Ақтау, Қарағанды, Түркістан, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында өтеді:
30 қыркүйек – Петропавл;
1 қазан – Ақтау;
2 қазан – Қарағанды;
3 қазан – Туркестан;
4 қазан – Алматы;
6 қазан – Нұр-Сұлтан.
АХҚО Халықаралық инвесторлар апталығының бағдарламасы академиялық және іскерлік топтарға арналған таныстырылымдар мен ақпараттық сессиялар форматында өтеді. Күннің бірінші жартысында жастар мен академиялық орта өкілдерінің қаржылық және инвестициялық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ инвестициялау негіздері туралы ақпараттандыру мақсатында өңірлік жоғары оқу орындарының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына арналған дәрістер өтеді. Сондай-ақ бастама аясында мемлекеттік қызметшілер – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары үшін семинарлар өтеді.
Күннің екінші жартысында өңірлік бизнеске арналған таныстырылым өтеді, шара барысында қаржы қызметтері тұтынушыларын қорғау, бизнеске арналған АХҚО-ның мүмкіндіктері, Жасыл және Ислам облигацияларын шығару ерекшеліктері, АХҚО-да тіркеудің артықшылықтары мен рәсімі және білім беру бағдарламалары туралы баяндалады. Іс-шараның спикерлері ретінде қаржы қызметтерін реттеу, қаржы технологиялары, Жасыл және Исламдық облигацияларды шығару, бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялау, сондай-ақ үзіліссіз кәсіби даму саласындағы АХҚО сарапшылары сөз сөйлейді.
Халықаралық инвесторлар апталығы аясында, сонымен қатар, Исламдық қаржыландыру апталығы жоспарланған. Исламдық қаржыландыру индустриясының Қазақстанда және дүние жүзінде дамыуының өзекті мәселелері бойынша мастер-кластар мен тренингтер өткізіледі. Исламдық қаржыландыру апталығын Алматы (4 қазан) және Нұр-Сұлтан (6 қазан) қалаларында өтетін Исламдық қаржыландыру күніне арналған конференциялар тәмәмдайды.
Халықаралық инвесторлар апталығының қорытынды шарасы – «Инвесторлар күні» конференциясы 6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Конференцияда АХҚО сарапшылары мен сырттан шақырылған спикерлер қаржылық қызметтерінің кең спектрі, қаржы құралдары мен тұтынушылар құқықтарын қорғау тұрғысынан АХҚО-дағы мүмкіндіктер туралы әңгімелейді.
Қосымша ақпарат, іс-шараның бағдарламасы және шараға тіркелу туралы ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуға болады.