АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитет АХҚО капитал нарықтары құрылымын кеңейтуде

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) АХҚО капитал нарықтары мен нарықтық институттардың құрылымын кеңейту мақсатында АХҚО-ның актілеріне (АХҚО нарық қағидалары, АХҚО инвестициялық фирмаларды пруденциялық реттеу қағидалары және АХҚО глоссарийі) бірқатар түзетулер енгізді. Бұл түзетулер Қаржы орталығының капитал нарығы сегментін дамыту бойынша АХҚО стратегиясының бөлігі болып табылады.

Капитал нарығының кеңейтілген құрылымының негізгі элементтері 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді және мыналарды қамтиды:

 (1) Принципал және агент ретінде инвестициялармен айналысатын АХҚО-ның уәкілетті фирмаларына базалық капиталға қойылатын талаптарды төмендету есебінен капитал нарығына компаниялардың көбірек қосылуы үшін мүмкіндіктер ашу:

 (2) қор акциялары нарығының Өңірлік сегментін (REMS) енгізу, бұл осы сегмент үшін олардың тәуекелдеріне сәйкес нормативтік талаптарды жеңілдете отырып және оларды нарық сегментінің жеке санатына қосып, шағын және орта бизнеске AIX-те (Астана халықаралық қор биржасы) листингті жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

 (3) Бағалы қағаздары немесе бірдей санаттағы бағалы қағаздары Баламалы реттелетін биржада сауда-саттыққа жіберілген ұйымдарды нарықтық ақпаратты ашуға қатысты АХҚО-ның және/немесе Уәкілетті инвестициялық биржаның қағидалары мен ережелеріне сәйкес ақпаратты қосымша ашудан босататын белгілі бір шектеулердің ескерілуі;

 (4) Тіркеуден босатылған бағалы қағаздар тізімін кеңейту, тіркеуден босатылған Бағалы қағаздар эмитенттері үшін сәйкестік құрылымына өзгерістер енгізу сияқты белгілі бір нақтылаулар мен пысықтауларды MAR-ға енгізу, бұл Уәкілетті инвестициялық биржаға басқа юрисдикцияда жарияланған және Эмитенттерге тиесілі активтер немесе құқықтар бойынша Сараптамалық есептің қолданыс мерзімін ұзартатын Проспектіні және есептілік пен сәйкестікке қойылатын басқа да талаптарды бекітуге (белгілі бір өлшемшарттар сақталған жағдайда) мүмкіндік береді.

 (5) қажетті ақпарат көлемін азайту арқылы халықаралық озық практикаға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін проспект талаптарына өзгерістер енгізу;

 (6) Проспектіні бекіту тәртібі мен мерзімдері және жылдық пен жарты жылдық есептерді ұсыну мерзімдерін ұзарту сияқты түрлі түзетулер енгізу.

Осы түзетулер мен өзгерістерді әзірлеу барысында жергілікті нарық жағдайын ескере отырып, ең жаңа халықаралық стандарттарға талдау жасалды. Орташа мөлшердегі бағалы қағаздардың әлеуетті жергілікті эмитенттерінің алаңдаушылығы, сондай-ақ қауіпсіз нарықтық операцияларды жүзеге асыру үшін сауатты талаптар мен қолайлы шарттар сақталған жағдайда бизнес пен инвесторлар үшін мүмкіндіктерді кеңейтетін түзетулердің енгізілуіне байланысты болды.

Капитал нарығын дамыту – АХҚО-ның басты алты стратегиялық бағытының бірі. Ұсынылған түзетулер мен өзгерістер жергілікті және шетелдік кәсіпорындар мен инвесторлар үшін көп бейінді нормативтік-құқықтық базаны дамытуға бағытталған.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда [email protected] мекенжайы бойынша AFSA коммуникациялар бөліміне хабарласуды сұраймыз.

AIFC AI assistant