AFSA жыл сайынғы Еуразиялық Будапешт Форумына қатысты

Биылғы 19–20 қыркүйек күндері Будапешт (Венгрия) қаласында Венгрия Орталық Банкі өткізетін жыл сайынғы халықаралық Еуразиялық Будапешт Форумы өтуде. Форум жыл сайын 15 мың қатысушыны қамтиды, оның ішінде ірі банктердің төрағалары, саяси қайраткерлер,  академиялық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Биылғы форумда Тайландтың Басқарушы Банкі, Пан Ги Мун Қорының төрағасы, Колумбиялық университеттің орнықты даму орталығының директоры, халықаралық қаржы орталықтары рейтингін дайындаушылар қатысады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық реттеушісі – AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов форумның «Қаржы: қаржы секторын сәтті ету – Еуразиядағы жаңа қаржылық хабтарды қалай бекіту керек» атты панельді сессияға қатысты. Қатысушылар қаржы саласын табысты ететін орнықты қаржылық инфрақұрылым мен тартымды инвестициялық орта қалыптастыру, қаржы инновацияларының және реттеуші «сынақ алаңшаларының» рөлі және инвестиция үшін халықаралық бәсекелестік туралы талқылады. Стартаптардың тиімді экожүйесі мен FinTech алаңшаларын құру мәселелер де талқыланды.

AFSA қаржы орталығының тәуелсіз реттеушісі және осы қаржы орталығында көрсетілетін қаржылық, нарықтық, өзге де қосалқы қызметтерді реттеуші орган.

AFSA-ның сенімді нормативті-құқықтық базасы, дәстүрлі  қаржылық бағыттармен қоса,  финтех, жасыл қаржыландыру, ислам банкингі секілді салаларды қамтиды, осы арқылы АХҚО Еуразиядағы аймақтық белді платформа ретінде өзін көрсете білді.

AFSA халықаралық заң шығарушы органдардың белсенді мүшесі. Былтыр AFSA Орталық Еуропа және Шығыс Еуропа елдерінің банктік қадағалау Тобына басшылық етті. Бұл іс-шараның ерекшелігі сол, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында тұңғыш рет осындай шараға басшылық етті.

«Қазір АХҚО-да 65 елден 1500 астам компания тіркелген. Олардың географиялық ауқымы кеңейіп жатыр. АХҚО қатысушылары ҚХР, АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Германия, Финляндия секілді елдердің ірі қатысушыларын қамтиды. Әрине, әр қаржылық реттеушіге оны реттейтін компанияларының сапасы маңызды. Жоғарғы талаптар, мықты халықаралық тәжірбие, әлемдік қаржы ұйымдарының тануы – АХҚО мүшесі болудың сапа белгісі екенін көрсетеді» – деді AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов.

 

Анықтама:

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 65 елден 1500-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады. www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. www.aifc.kz 

AIFC AI assistant