АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) 2022 жылды қорытындылады

2022 жылы АХҚО қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (Комитет, AFSA) үшін табысты болып, мынадай көрсеткіштерге қол жеткізді:

  • Комитет 500-ден астам компанияны тіркеді.
  • Қаржы және нарықтық реттеу аясында жұмыс істеу үшін 20лицензия берілді.  Ислам банкіне лицензия берілді, бұл АХҚО-да жұмыс істеп жатқан екінші ислам банкі. Мұнан өзге FinTech Lab қатысушысы  толыққанды лицензияға ие болды. Бүкіл лицензиялардың 75% инвестициялық компанияларға берілді.
  • АХҚО Қаржы секторы компанияларының активтері, оның ішінде инвестициялық және сақтандыру компанияларының, банк және банк секторының активтері 689 млн. АҚШ долларын құрады.
  • АХҚО-дағы инвестициялық компаниялардың басқаруындағы активтер (AUM) 555 млн.АҚШ долларын құрады, оның ішінде 20 инвестициялық қордың активтерінің көлемі 128 млн АҚШ доллары.
  • Қазақстан Қор нарығы тарихындағы ірі IPO (ҰК «ҚазМұнайГаз» АҚ) үздік халықаралық талаптарға сәйкес AFSA реттеу Ережелеріне сәйкес өткізілді.
  • 2022 жылы АХҚО-да тіркелген криптобиржалар мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы қатынасты реттейтін пилоттық жоба іске қосылды.

2022 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы (ЭЫДҰ) өзі жариялаған есебінде  АХҚО салық режимінің салық ашықтығының жаһандық талаптарына сәйкестігін хабарлады.

  • Своптармен деривативтердің халықаралық қауымдастығы (ISDA) АХҚО қолданыстағы құқығына сәйкес тарату неттингін қолдану мүмкіндігі туралы бейресми елдік есепті  жариялады.
  • «Сақтандыру және құнды қағаздар нарығын дамыту және реттеу мәселелері бойынша кейбір заңдық актілерді өзгерту мен толықтырулар туралы» Заң қабылданды. Заң аясында АХҚО қатысушылары сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларының қызметі кеңейеді. Заң, сонымен қатар, АХҚО қатысушы компанияларына Екінші дәрежелі банктерде корреспонденттік шот ашуға мүмкіндік береді.
  • AFSA 2030 жылға дейінгі қабылданған Қаржы нарығын дамыту жөніндегі Концепцияны дайындауда айтарлықтай рөл ойнады.
  • 2022 жылы АХҚО өз алаңқайында Қылмыстық табысты заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы қимыл Еуразиялық тобының (ЕАГ) көшпелі миссиясын қабылдады, онда АХҚО-ның ПОД/ФТ халықаралық талаптарына сәйкес келетін 40 ұсынысы туралы айтылды.
  • 2022 жылы АХҚО алаңқайында Орталық Азия қаржылық реттеушілерінің жоғарғы деңгейдегі жиыны өтіп, Тәжікстан қаржы министрлігімен арада Ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.

 

 

 

 

Анықтамалық ақпарат:

“Астана” Халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті (AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.

АХҚО-да 70 елден 1700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.

www.afsa.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi. 

www.aifc.kz

AIFC AI assistant