“Экономикалық санкциялардың қаржы орталықтарына әсері, қаржылық қылмыстың алдын алудағы қаржы реттеушісінің рөлі” сессиясы өтті
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) Astana Finance Days – 2023 аясында «Экономикалық санкциялардың қаржы орталықтарына әсері, қаржылық қылмыстың алдын алудағы қаржы реттеушісінің рөлі» панельдік сессиясын ұйымдастырды.
Сессияға Болгария қаржы қызметтері Комиссиясы Төрағасының Орынбасары Владимир Савов, Венгрияның Орталық банкі Нарықты қағадалау бойынша жетекшісі Питер Бакос, Әзірбайжан Орталық банкі Қаржы тұрақтылығы департаментінің директоры Рустам Тахиров, AFSA Директорлар Кеңесінің мүшесі Мұхтар Бөбеев, АХҚО-дағы Brillink Bank басшысы Элизабет Чанг қатысты.
Кең ауқымды санкцияларды енгізуге елдердің берер жауабы қаржылық жүйені қорғауда және қаржылық қылмыстың алдын алуда қаржылық реттеушісінің рөлін күшейту қажеттілігін көрсетеді.
Сессия аясында спикерлер экономикалық санкциялардың қаржы орталықтарына әсерін, сондай-ақ, қаржы орталықтарының маңызды рөлін талқылады.
«Бір жыл бұрынғы оқиға, әрине, ешкімді бей-жай қалдырмады. Санкциядан кейін орын алған жайттардың бәрін әртараптандыру оңай болмады. Ол қамтамсыз етудің жаңа көздерін ашу, жаңа шикізат көздерін іздеу деген сияқты. Қаржы секторында біз реттеуші ретінде, біздің қадағалау субъектілерінің негізінен қақтығыс аймағындағы қаржылық активтерге әсер ету деңгейі қандай екенін бірден анықтауға тырыстық, мысалы, сақтандыру секторында. Біздің бәріміз үшін бірінші рет болғандықтан, аздап креативті ойлауға тура келді. Сондықтан біз өзіміз үшін де, бақыланатын субъектілеріміз үшін де қиындықты азайтудың жолдарын табуымыз керек еді, бұл, әрине, барынша икемді болуға тура келетін жағдай. Икемділік, менің ойымша, мұндай жағдайларда қолданылатын негізгі нәрсе», – деді Болгария қаржы қызметтері Комииссиясы Төрағасының Орынбасары Владимир Савов.
«Соңғы кезеңдегі ең маңызды мәселенің бірі – жоғары инфляция. Ал бұл инфляцияға жауап ақша-несие саясатына және жоғары мөлшерлемелерге қатысты тәуекел. Демек, бұл ақша-несие саясатының мәселесі ғана емес, сонымен бірге реттеуші тұрғыдан қиындықтар туғызатын жайт. Біздің байқағанымыз, осы тенденциямен бірге қаржылық қылмыс пен алаяқтықтың сәйкес келгені. Біз Венгрияда осы инфляциямен бірге заңсыз және рұқсат етілмеген несиелеудің айтарлықтай өскендігін көрдік. Өткен жылы біз 40-тан аса қаржы ойыншысын нарықтан алыстатуға шешім шығардық. Бұл сіздің көзіңізге онша көп болып көрінбеуі мүмкін, әсіресе бизнестің нарықтық көлеміне қарасаңыз, бірақ, оның динамикасы маңыздырақ. 40 компания бұл екі – үш жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда 2 есе көп. Демек, бұл айтарлықтай және үлкен өсім», – деді Венгрияның Орталық банкі нарықты қағадалау бойынша жетекшісі Питер Бакос.
«Санкциялардың қаржы секторына оң және теріс әсері болды. Оң деп айтқан жөн емес шығар, бірақ, жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Ал егер теріс әсеріне келсек, сауда мен қамтамасыз ету шеңберінің істен шығуы, бағаның өсуі, инфляция, міне осылар қаржы реттеушісінің жұмысына ықпал етеді. Бұл барлық реттеушілерге ортақ мәселе. Бірақ, екінші жаңынан, энергия көздеріне деген бағаның өсімі Еуропаға газ экспорттаудың жаңа мүмкіндіктер жолдарын ашты, бұл енді тәуекелді аздап жібітетін фактор», – деді Әзірбайжан Орталық банкі Қаржы тұрақтылығы департаментінің директоры Рустам Тахиров.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті”(AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 75 елден 2000-ға жуық қатысушы-компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар Департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 email: [email protected]