“Қазақстан банктері мен АХҚО-да тіркелген криптобиржалардың өзара іс-қимылы жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары” сессиясы өтті
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) Astana Finance Days – 2023 аясында «“Қазақстан банктері мен АХҚО-да тіркелген криптобиржалардың өзара іс-қимылы жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары» панельдік сессиясын ұйымдастырды.
Банктер мен АХҚО-да тіркелген крипто биржаларының өзара ынтымақтастығы бойынша пилоттық жобаның қатысушылары жоба іске қосылғаннан кейін бір жылдан кейін аралық нәтижелерді талқылау үшін жиналды.
Сессияға ATAIX Eurasia киптобиржасының Бас директоры Арутюн Погосян, Binance Kazakhstan криптобиржасының Бас менеджері Жаслан Мадиев, Biteeu Eurasia Ltd криптобиржасының Бас директоры Талғат Досанов, Еуразиялық Банк Басқарма Төрағасының Кеңесшісі Наталья Роменская, Altyn Bank Басқарма Төрағасының орынбасары Жанара Айкимбаева, «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ Басқарушы директоры Абылайхан Оспанов және Mastercard Орталық Азиядағы Бас директоры Рафал Трэпка қатысты.
Жобаның мақсаты криптовалюта биржаларының Қазақстан нарығына қолжетімділігін қамтамасыз ету және Қазақстан резиденттері мен криптомайнерлерге AIFC криптовалюта биржаларының платформаларында сауда жасауға мүмкіндік беру, Қазақстанның банктері ұсынатын фиат арналары арқылы инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ, жобаның нәтижелері бойынша Қазақстанның ұлттық заңнамасына және АХҚО актілеріне өзгерістер енгізу.
Жобаға бес крипто биржақатысты: Binance, Ataix, Intebix, Xignal және Upbit, сондай-ақ, сегіз қазақстандық банктер: Halyk Bank, Altyn Bank, Zaman Bank, Freedom Bank, Eurasian Bank, Bereke Bank, Nurbank және CenterCredit.
«Клиенттер туралы айтсақ, біздің клиенттер әлемнің қырық елінен, демек, біздің биржа халықаралық биржа, себебі, 70% клиентіміз шетелдіктер, 30% -жергілікті азаматтар. Заңды тұлғалар арасында 35%-ы АХҚО қатысушылары, 65% – шетелдік заңды тұлғалар. Инновация тұрғысынан, бізде GSM операторларымен интеграция бар, демек, мобильдік әмиян арқылы криптобиржадағы шотты толықтыруға болады. Интеграцияны аяқтадық, енді оның мақұлдануын күтіп отырмыз. Енді біз кастодиандық қызметтерді дамытпақпыз, бұл біздің тұрғыдан инновация болады», – деді ATAIX Eurasia киптобиржасының Бас директоры Арутюн Погосян.
Binance Kazakhstan киптобиржасының Бас директоры Жаслан Мадиев: «Криптобиржалар мен банк секторы арасындағы интеграцияны қамтамасыз еткен бұл жоба, шын мәнінде, салаларды байланыстырды, әрі әлеуметтік-экономикалық саланың дамуына ықпал етті. Қазақстан посткеңестік елдер арасында заңдық тұрғыдан, реттеушілік тұрғыдан, және нарықты дамыту тұрғысында алға суырылып шыққан жалғыз ел. Осы факторларды, яғни, заңдық, реттеушілік, институционалдық тұрғыдан қарастырсақ, Қазақстан осы цифрлық индустрияның және оның ойыншыларының дамуына барынша әзір ел», – деді.
«Қаржы реттеушісі тіл табысуға және барынша әріптестікте жұмыс істеуге бейіл, бәріне тосқауыл қою позициясын ұстанбайды, клиенттердің қауіпсіз болуына көңіл бөледі», – деді Еуразиялық Банк Басқарма Төрағасының Кеңесшісі Наталья Роменская.
«Мен AFSA-ны ең клиентке жақын қаржы реттеушісі дер едім. Бізде ешуақытта да қаржы реттеушісімен күнде-күнде телефонмен немесе эл.поштамен хабарласып тұру мүмкіндігі болмаған. Бұл өте жақсы. Қаржы реттеушісі пилоттық жобаның дамуы үшін, оның үстіне, мемлекет осы индустрияны қолдайтындықтан, барынша қолдан келгенінен аянып отырған жоқ. Осының арқасында Қазақстан осы бағытты аймақта дамытып бастаған және дамытып отырған бірінші ел», – деді Biteeu Eurasia Ltd криптобиржасының Бас директоры Талғат Досанов.
Анықтамалық ақпарат:
“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті”(AFSA) «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына сай құрылған АХҚО тәуелсіз реттеушісі. АХҚО-дағы қаржы қызметтерін реттеумен айналысады. АХҚО Ережелері қаржылық компаниялар мен нарықтық мекемелерге лицензия беру, тіркеу, аккредитация секілді мәселелерді қамтиды.
АХҚО-да 75 елден 2000-ға жуық қатысушы-компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО ұсынатын қаржылық қызметтер спектрін Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай сияқты және өзге де сынды әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарындағы қызметтер тізімімен салыстыруға болады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс үшін:
Қоғаммен байланыс және коммуникациялар Департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45 email: [email protected]