«Қызметкерлер үшін медициналық сақтандыру қызметтеріне» ашық тендер
«АХҚО әкімшілігі» АҚ SAP Ariba жүйесінде «Қызметкерлер үшін медициналық сақтандыру қызметтеріне» ашық тендер жариялайды (баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі 27.04.2026 ж. Астана уақытымен сағат 16:00-ке дейін).
Егер Сіз тендерге қатысуға қызығушылық танытсаңыз, http://AIFC.supplier-eu.ariba.com/register сілтемесі бойынша тіркеліңіз және қатысатындығыңызды бізге [email protected] электрондық пошта мекенжайы арқылы «Қызметкерлер үшін медициналық сақтандыру қызметтеріне» ашық тендерге қатысу» тақырыбымен жазбаша түрде хабарлаңыз. Содан кейін Сізге ұсынысыңызды жолдауға рұқсат беріледі.
Ұсыныстарыңызды жолдауға рұқсат, жоғарыда жазылғандай, Сіз тіркелгеннен кейін және қызығушылығыңызды [email protected] электрондық пошта мекенжайы бойынша растағаннан кейін ғана берілетіне назар аударуыңызды өтінеміз.
Егер қандай да бір сұрақтарыңыз туындаса, бізге [email protected] электрондық пошта мекенжайы арқылы хабарласыңыз.
Жарияланған күні: 13.04.2026