AFSA 15 қазан күні, Астана уақыты бойынша сағат 10:30-де реттеуші таунхолды онлайн-форматта өткізеді
АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) сізді 2024 жылғы 15 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 10:30 Zoom форматында өтетін реттеуші таунхолға қатысуға шақырады.
Таунхол кезінде біз АХҚО заңнамасына жаңа нормативтік базалар мен түзетулерді ұсынамыз және талқылаймыз. Біздің сайтта кері байланыс үшін тиісті консультациялық құжаттар орналастырылды (оларға сілтемелер әр тақырыптың алдында төменде келтірілген). AFSA нарықтан реттеу мен заңнамалық ұсыныстарға көзқарас бойынша ұсыныстар алуға, сондай-ақ аудиторияның сұрақтарына жауап беруге тырысады.
Бағдарлама
I. Презентациялар 10:30 – 12:15:
Деривативтерді реттеу, маржалық сауданы, қысқа сатуды және жоғары жиілікті сауданы реттеу жөніндегі тәсілдері (https://afsa.aifc.kz/kz/news/afsa-derivativterdi-retteudi-synyl-an-t-silderi-turaly-osymsha-pikirler-alu-shin-konsultatsiyaly-zhatty-zhariyalady.-pikirler-berudi-so-y-merzimi-2024-zhyldy-20-azany)
Зарина Сейдахметова, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің аға сарапшысы, AFSA
Кредиттік рейтингтік агенттіктерді реттеу бойынша нормативтік база (https://afsa.aifc.kz/kz/news/afsa-kredittik-reitingtik-agenttikterdi-kra-retteu-boiynsha-normativtik-bazany-zhetildirudi-t-silderi-b-liginde-zha-artyl-an-synystar-zh-ninde-konsultatsiyaly-zhat-zhariyalady.-pikirler-berudi-so-y-merzimi-2024-zhyldy-19-azany)
Зарина Сейдахметова, саясатты әзірлеу, стратегия және тәуекелдерді басқару бөлімінің аға сарапшысы, AFSA
Төлем қызметтерін ұсынатын қатысушылардың қызметін реттеу (https://afsa.aifc.kz/kz/news/afsa-t-lem-yzmetterin-synatyn-atysushylardy-yzmetin-retteu-m-seleleri-zh-ninde-konsultatsiyaly-zhat-zhariyalady.-pikirler-berudi-so-y-merzimi-2024-zhyldy-23-azany)
Мердан Алтыев, қаржылық технология бөлімінің аға сарапшысы, AFSA
Ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша заңнамалық негізі (https://afsa.aifc.kz/kz/news/afsa-ah-o-ny-a-shany-zhylystatu-a-terrorizmdi-arzhylandyru-a-arsy-is-imyl-zh-ne-sanktsiyalar-boiynsha-za-namaly-negizine-t-zetuler-engizu-zh-ninde-synystary-bar-konsultatsiyaly-zhat-zhariyalady.-pikirler-berudi-so-y-merzimi-2024-zhyl-y-20-azan)
Талжібек Мұханбетқалиева, ақшаны жылыстатуға қарсы күрес бөлімінің аға сарапшысы, AFSA
«Арнайы мақсаттағы компания туралы» қағидаларына ұсынылатын түзетулер (https://afsa.aifc.kz/kz/news/afsa-arnaiy-ma-satta-y-kompaniya-turaly-ah-o-a-idalaryna-synylatyn-t-zetuler-zh-nindegi-konsultatsiyaly-zhatty-zhariyalady.-pikirler-berudi-so-y-merzimi-2024-zhyldy-19-azany)
Әйгерім Тасболатқызы, заң бөлімінің аға сарапшысы, AFSA
Банкроттық туралы актілеріне ұсынылатын түзетулер (https://afsa.aifc.kz/kz/news/afsa-bankrotty-turaly-ah-o-aktilerine-synylatyn-t-zetuler-zh-nindegi-konsultatsiyaly-zhatty-zhariyalady.-pikirler-berudi-so-y-merzimi-2024-zhyldy-19-azany)
Әйгерім Тасболатқызы, заң бөлімінің аға сарапшысы, AFSA
Тәуекел деңгейі төмен қаржылық қызмет көрсететін компанияларға қатысы AFSA-ның тәсілі (https://afsa.aifc.kz/kz/news/afsa-t-uekel-de-geii-t-men-arzhyly-yzmet-k-rsetetin-kompaniyalar-a-atysy-afsa-ny-t-silin-t-sindiretin-konsultatsiyaly-zhat-zhariyalady.-pikirler-berudi-so-y-merzimi-2024-zhyl-y-20-azan)
Алтай Слямов, AFSA лицензиялау бөлімінің аға сарапшысы
II. Сұрақ-жауап сессиясы 12:15 – 12:30
Төмендегі сілтеме арқылы 2024 жылғы 15 қазан сағат 09:00-ге дейін Астана уақыты бойынша алдын ала ОНЛАЙН ТІРКЕУДЕН өтуді шақырамыз:
https://us06web.zoom.us/meeting/register/tZIlce-uqDsqG9E4VA83M_zg-v7v06ajkws2#/registration
Анықтама ретінде:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 82 елден 3200-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43;
+7 7172 61-37-45