АХҚО әкімшілігі мен South China Morning Post Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға және экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды
«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі (АХҚО әкімшілігі) мен South China Morning Post (SCMP) медиакомпаниясы Қазақстан, Қытай және Гонконг арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға және экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
South China Morning Post баспагері Тэмми Тэм: «Көптеген жылдар бойы SCMP Гонконгта орналасқан және халықаралық аудиторияға Қытай мен Гонконг туралы сараптамалық талдау ұсынатын ағылшынтілді жетекші медиаплатформалардың бірі болып келеді. SCMP-дің редакциялық сараптамасы мен халықаралық ауқымы АХҚО-ның көшбасшылық рөлімен ұштаса отырып, Орталық Азия мен Қытай, соның ішінде Гонконг арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл ынтымақтастық инвестициялар, инновациялар және трансшекаралық әріптестіктің дамуына қолайлы орта қалыптастыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, біз биылғы қыркүйек айында Астанада China Conference: Central Asia атты флагмандық іс-шарасын өткізу мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз», – деп атап өтті.
Орталық Азия экономикалық өсудің негізгі драйверлерінің біріне және маңызды халықаралық сауда дәлізіне айналуда. Сонымен қатар, Гонконг қаржылық және сауда байланыстарын орнату арқылы өңірмен өзара іс-қимылды дәйекті түрде кеңейтіп келеді. Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Ли бастаған делегацияның Қазақстан мен Өзбекстанға сапары аясында меморандумға қол қою трансшекаралық ынтымақтастықты және өңірлік өсімді іске асыруда негізгі мүдделі тараптар арасындағы диалог пен қолдауға ықпал ететін сенімді халықаралық алаңдарды дамытудың маңыздылығын айқындайды. Осы тұрғыда АХҚО жаһандық капиталды дамушы нарықтардың мүмкіндіктерімен байланыстыратын Орталық Азиядағы қаржы саласын дамытуға арналған инновациялық экожүйе ретінде әрекет етеді.
АХҚО әкімшілігінің басқарма төрағасы Бақтияр Тілеубеков: «Бүгінде халықаралық инвесторлар Қазақстан мен Орталық Азияға үлкен назар аударып отыр, ал Гонконг Азияға шығатын жетекші әлемдік қаржылық қақпалардың бірі болуда. South China Morning Post-пен серіктестік аясында біз Орталық Азия мен Қытай арасындағы экономикалық диалог пен іскерлік байланыстарды нығайтуды көздеп отырмыз. Осы орайда ақпараттандыру деңгейін арттыру, трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту және ашық диалог – жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді іздеу мен өңірлеріміздің тұрақты өсуін қамтамасыз етудің маңызды шарттары болып табылады», – деп атап өтті.
Анықтамалық ақпарат:
South China Morning Post (SCMP) – Гонконгта орналасқан және халықаралық аудиторияға Қытай мен Гонконг туралы сараптамалық әрі жан-жақты талдау ұсынатын ағылшын тілді жетекші медиаплатформа. 122 жылдан астам уақыт бойы SCMP Азиядағы негізгі оқиғалар мен өңірге ықпал ететін жаһандық үдерістерді жариялап келеді, сондай-ақ мемлекеттік органдар, бизнес және сарапшылық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен халықаралық іс-шаралар мен конференциялар өткізеді. Толығырақ: www.scmp.com
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – халықаралық стандарттар негізінде бизнесті ашық әрі тиімді жүргізуге, инвестициялар тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. www.aifc.kz
АХҚО баспасөз қызметі
Айнұр Исабаева, баспасөз хатшысы
e-mail: [email protected]
SCMP байланыс деректері
[email protected]