AIFC Awards 2026 жүлдесіне өтінім қабылдау басталды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО, Орталық) Орталық экожүйесін дамытуға, нығайтуға және ілгерілетуге елеулі үлес қосқан компанияларды тануға бағытталған AIFC Awards жыл сайынғы іріктеуге қатысуға өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Жүлде АХҚО қатысушыларының түрлі санаттардағы жетістіктерін атап көрсетіп, олардың қаржы нарығын дамытудағы, инновацияларды енгізудегі және жаңа мүмкіндіктер қалыптастырудағы рөлін айқындайды.

Егер сіздің компанияңыз АХҚО қатысушысы болса, https://forms.gle/nbwkoEjaobaEzjbC6 сілтемесі арқылы номинацияға өтінімді бере аласыз.

Өтінімдерді қабылдау  2026 жылғы 17 шілдеге дейін жалғасады.

Барлық келіп түскен өтінімдер конкурстық іріктеуден өтеді, ал жеңімпаздар Astana Finance Days 2026 форумы аясында өтетін арнайы іс-шара барысында жарияланады.

Қосымша сұрақтар бойынша [email protected] электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.

Өтінім беріп, AIFC Awards 2026 жүлдесінің жеңімпаздарының бірі атаныңыз!

Ескерту: Қатысуға өтінім жіберу жүлденің берілуіне кепілдік бермейді.

AIFC Services Assistant