AIX Jet Group компаниясының БАӘ дирхамымен шығарылған жария жасыл облигациялар бағдарламасы аясындағы алғашқы траншын листингке енгізді

Astana International Exchange («AIX» немесе «Биржа») Jet Group Ltd. компаниясының көлемі 50 млрд БАӘ дирхамын құрайтын жасыл облигациялар бағдарламасы аясында шығарылған алғашқы транш  — 10 млн БАӘ дирхамына жария жасыл облигациялардың листингке енгізіліп, сауда-саттыққа жіберілгенін хабарлайды.

Облигациялардың айналым мерзімі екі жылды құрайды. Купондық сыйақы жылына 10% деңгейінде белгіленген және тоқсан сайын төленеді.

Бұл орналастыру эмитенттің қаржыландыру стратегиясының бір бөлігі болып табылады және компанияға AIX инфрақұрылымы арқылы өңірлік және халықаралық инвесторларға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Біржан Астаев, нарықтар мен өнімдер жөніндегі басқарушы директор:

«Jet Group компаниясының жария жасыл облигациялар бағдарламасы аясындағы алғашқы шығарылымды AIX биржасында тіркелгеніне қуаныштымыз. Бұл маңызды мәміле AIX борыштық құралдар нарығының одан әрі дамуына жасалған тағы бір елеулі қадам болып табылады және Биржаның эмитенттерге өңірлік әрі халықаралық капиталға тиімді қолжетімділік ұсынатын платформа ретіндегі рөлін айқындайды».

Орналастыру нәтижесінде жиналған қаражат эмитенттің негізгі қызметін қаржыландыруға, ең алдымен жаңа электр самокаттарын алуға жұмсалады.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. Толығырақ: www.aixkz.com

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) — халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz

AIFC Services Assistant