Қазақстанның Даму банкі AIX-те Dim Sum облигацияларын орналастырды

Astana International Exchange («AIX» немесе «Биржа») «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («ҚДБ») шығарған өтеу мерзімі бес және он жыл болатын екі транш Dim Sum облигациясының AIX-те листингтен өткенін хабарлайды.

Облигациялар бес жылдық транш бойынша 2,25% және он жылдық транш бойынша 2,75% мөлшеріндегі купондық төлеммен орналастырылды. Шығарылымның жалпы көлемі 3,7 млрд қытай юанін құрады. Бұл Қазақстанның жетекші даму институты шығарған қытай юаніндегі бағалы қағаздарға инвесторлардың жоғары қызығушылығын көрсетеді.

AIX Басқарма төрайымы Асель Мұқажанова былай атап өтті:

«Қазақстанның Даму Банкінің Dim Sum облигацияларын AIX-те листингтен өткізу биржамыз арқылы қытай юаніндегі қаржыландыру мен инвестициялық мүмкіндіктерге қолжетімділікті кеңейтудегі маңызды кезең болып табылады. Инвесторлардың жоғары қызығушылығы Қазақстан мен Қытайдың капитал нарықтарының интеграциясын одан әрі күшейту үшін үлкен әлеует бар екенін көрсетеді. Біз ҚДБ-ға халықаралық инвесторлар базасын кеңейтуге қолдау көрсетіп, эмитенттер мен инвесторларды әртүрлі нарықтарда байланыстыратын платформа ретінде AIX-ті одан әрі дамытамыз».

ҚДБ-ның Dim Sum облигацияларының AIX-те листингтен өтуі Биржадағы юаньмен номинацияланған құралдар желісін кеңейтіп, инвесторларға Қазақстанның капитал нарығына қатысу үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады.

Bottom of Form

Top of Form

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. Толығырақ: www.aixkz.com

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) — халықаралық стандарттарға сай ашық әрі тиімді бизнес жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу арқылы елдің қаржы нарығын дамытуға арналған экожүйе. aifc.kz

AIFC Services Assistant