Білікті заңгерлер АХҚО құқығын дамытуға және ілгерілетуге қосқан үлесі үшін AIFC Legal Awards 2024 марапаттарына ие болды

8 ақпан күні Астанада заңгерлер «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қолданыстағы құқықты қолдану практикасын дамытуға қосқан үлесі үшін AIFC Legal Awards 2024 марапатына ие болды. Қаржы орталығының құқығын дамытуға және заң қоғамдастығын біріктіруге арналған іс-шараға осы қоғамдастықтың өкілдері де қатысты. Марапаттар мен алғыс хаттар өңірдегі коммерциялық және инвестициялық мәмілелерді құрылымдау үшін жетекші юрисдикция болып табылатын АХҚО құқығын ілгерілетуге әрі дамытуға үлес қосқан мамандарға табысталды.

Атап айтқанда, AIFC Legal Awards 2024 мүсіншелерімен төмендегі әріптестер марапатталды:

  • Бақыт Тұкұлов заң практикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі әрі АХҚО құқығын ілгерілетуге жанын салып қызмет еткені үшін;
  • GRATA International заң фирмасы және Лия Ақжанова үлгілі заң қызметтерін іске асырғаны әрі заңгерлік кәсіп қағидаттарын сақтауға барын салғаны үшін

 

Алғыс хатпен марапатталған өз ісінің білгір мамандары келесідей:

  • Антон Дидикин АХҚО құқығын іске асыруға және ілгерілетуге қосқан елеулі үлесі үшін;
  • Таир Күлтелеев АХҚО құқығының теориялық білімі мен практикасын дамыту және танымалдығын арттырғаны үшін;
  • Зәуре Еспаева АХҚО-ның қолданыстағы құқық саласындағы үздік жобалар портфолиосы үшін;
  • «Нархоз» және MNU университеттерінің өкілдері АХҚО құқығы саласындағы заң біліміне қосқан үлесі, академиялық шеберлікке бейілділігі және болашақ мамандарды дайындағаны үшін;
  • Джоэл Бенджамин Қазақстанның заң саласына оң әсер ететін заң қызметтерін реттеу жөніндегі АХҚО Кеңесінің дамуына қосқан үлесі үшін.

 

Номинанттардың кәсіби құзыреттілік, құқықтық саладағы инновациялар және АХҚО шеңберінде құқықтық практиканың дамуына септігін қоса алғанда, бірқатар критерийлер бойынша бағаланды.

АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров: «AIFC Legal Awards 2024 марапаты – біздің қаржы орталығының құқықтық негізін нығайтуға күш салып жүрген заңгерлердің үлесін атап өту үшін өткізілетін игі бастама деп ойлаймын. Заңгер әріптестеріміз АХҚО құқықтық режимінің өзіндік елшілері болып табылады, олар біздің құқықтық тәжірибеміздің ашықтығын, заңдылығы мен заманауилығын, құқықтық жоғары стандарттарын танытып жүрген әрі еңбегі зор мамандар болып есептеледі. Сондықтан осындай игі бастамаларды әрқашан қолдау керек», деп пікір білдірді.

Іс-шара барысында АХҚО Әкімшілігі мен Қаржы қызметтерін реттеу комитетінің (АFSA) өкілдері қонақтарға 2024 жылға арналған жоспарлар мен жұмыстағы инновациялар туралы, оның ішінде АХҚО құқығын практикалық қолдану тәжірибесімен алмасу үшін институт құру ниеті туралы айтып берді. АХҚО спикерлері қаржы орталығының жұмысы аясында туындайтын сұрақтарға да жауап берді. Жалпы іс-шара мамандар арасындағы өзара байланыстарды нығайтуға, заңгерлердің кәсіби дамуына, сондай-ақ АХҚО құқықтық өрісі саласындағы тәжірибе алмасуға ықпал етті.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы – қаржы саласында ерекше құқықтық режимі бар Орталық Азиядағы бірегей юрисдикция. АХҚО-да құқықтық жүйені таңдау кезінде инвесторлар үшін қолайлы және түсінікті құқықтық режим құру үшін үздік әлемдік тәжірибе мен халықаралық қаржы орталықтарының стандарттары басшылыққа алынған болатын.

AIFC AI assistant