ESG Клубы – тұрақты даму бойынша жетекші алаң
Ұлттық ESG клубының төрағасы Айдар Қазыбаевтың төрағалығымен Клубтың төртінші отырысы өтті, оған ESG клубының қазіргі мүшелері болып табылатын барлық 40 компанияның өкілдері, сондай-ақ ESG клубқа қосылуға өтініш берген 18 жаңа компаниясының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында төраға ESG Клубы қызметінің 2022 жылғы қорытындылары, сондай-ақ ESG Клубының 2023 жылға арналған жоспарлары туралы баяндады.
ESG Клубы келесі жылы тұрақты даму күн тәртібін ілгерілетудің өршіл жоспарларын белгіледі. Атап айтқанда, 2023 жылдың басында клуб мүшелері клуб қызметін дамыту бойынша стратегиялық сессиялар,
сондай-ақ Экологиялық кодекс мәселелері бойынша оқыту вебинарларын өткізеді. Алдағы жылға арналған маңызды жобалар ішінде Ұлттық ESG баяндамасын және ESG басшылығын дайындау, ESG клуб мүшелерінің жылдық жиналысын, ESG Investment Forum, сондай-ақ ESG Awards рәсімін өткізу.
Отырыс барысында ESG клубтың мүшелері ESG клубтың екі комитетін, оның ішінде «KazWaste» Қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық қауымдастықтың бастамасымен «Циркулярлы экономика» комитетін, сондай-ақ «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» РМК бастамасымен «Экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару» комитетін құру жөніндегі бастамаларды қолдады.
GPI Lab директоры, ESG клубының тең құрылтайшысы Юлия Якупбаева атқарылған жұмыстар және ол басқаратын урбанистика комитетінің алдағы жоспарлары туралы баяндады.
Green Technology Hub Limited Бас директоры Батырбек Әубәкіров клуб мүшелеріне жасыл скаутингтің барысы мен мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Отырыстың басты сәттерінің бірі ESG клубының мүшелігіне 18
(он сегіз) жаңа қатысушыны қабылдау болды, оның ішінде «Самрұқ-Энерго» АҚ, ҚЭАБҚ «Ecojer», М.С. Нарикбаев атындағы ҚазМЗУ Бизнес- мектебі , ЗТБ «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының ассоциациясы», «Kazakh Export» Экспорттық сақтандыру компаниясы», ЖШС «IDOCSKZ», «АрселорМиттал Темиртау» АҚ, КЕК «TechnoWomen», ЖШС «ESG KZ», ЖШС «Eco Product Company», АО «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ, ЖК «BI Group» Ltd., ЖШС «МФО ОнлайнКазФинанс», ЖШС «Самрұқ-Қазына Инвест», «BCC Invest» АҚ, «ҚР тұрақты дамуына жәрдемдесу» орталығы, «Jusan Bank» АҚ, «ҰК «Қазақстан Темір жолы» АҚ.
Нәтижесінде, бүгінгі таңда ESG клубы Қазақстанда орнықты даму қағидаттарын белсенді ілгерілететін экономиканың қаржы және нақты секторын, жоғары оқу орындары мен консалтингтік компанияларды білдіретін 58 жетекші компанияны біріктіреді.
Клубтың келесі отырысы 2023 жылдың қаңтарында өтеді деп жоспарланған.
Анықтама:
Ұлттық ESG клубы 2022 жылғы 28 шілдеде Astana Finance Days 2022 шеңберінде құрылды және өз салаларында ESG-трансформацияның көшбасшылары болып табылатын 19 компанияны біріктірді. Бүгінгі таңда клуб құрамына 30 компания кіреді.
Астана Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат-жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту.
Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес-консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz