АХҚО Тех хабы Tuz Ventures-пен бірлесіп «Қазақстандағы стартаптардың экожүйесі» атты зерттеу дайындады.

АХҚО Тех хабы, Tuz Ventures венчурлық қорымен бірлесіп Қазақстандағы стартап экожүйесіне алғашқы зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында жүзден астам стартаптар арасында сауалнама жүргізілді және жергілікті сарапшылар арасында сауалнама өтті. Зерттеуге қатысушылардың арасында Зерде холдинг, Astana Hub, Tech Garden және MOST болды.

Деректерге сүйене отырып, Қазақстандағы технологиялық стартаптардың экожүйесі егжей-тегжейлі сипатталды. Қорытындылар алты негізгі бағыт бойынша – технологиялық стартаптар нарығы, инфрақұрылым мен қолдау, құрылтайшылар мен қызметкерлер, қаржыландыру, үкімет пен ірі бизнес, COVID-19 әсері – анықталып, жинақталды.

Зерттеу технология саласындағы кәсіпкерлерге нарық пен бәсекелестер туралы түсінік алу үшін, мемлекеттік қызметкерлерге елдің инновациялық экожүйесін жақсы түсіну үшін және инвесторларға нарықты білу үшін және инвестициялық шешімдер қабылдау үшін пайдалы болады.

Зерттеуге сәйкес, соңғы 2 жылда нарыққа шыққан стартаптардың көпшілігі үш негізгі секторға бөлінген: электрондық коммерция, EduTech және FinTech. Бұл нәтиже ішінара COVID-19 пандемиясына және енгізілген шектеу шараларына байланысты шығып отыр. Бұл үш сектор қазақстандық нарықта ең танымал және үздіксіз өсуді жалғастыруда.

Негізінен, стартап құрылтайшылары екі ірі қалада – Нұр-Сұлтан мен Алматыда – шоғырланған. Зерттеу нәтижелері стартап құрылтайшыларының едәуір бөлігі ер адамдар екенін растады. Әйелдер  Қазақстандық жобалардың тек 7,4%-ын құрайды.

https://tech.aifc.kz/reports/ сілтемесіне өтіп, зерттеу нәтижелерімен толығырақ таныса аласыз.

 

Анықтамалық ақпарат:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО-ны құру туралы конституциялық заңға 2015 жылдың 7 желтоқсанында қол қойылған. АХҚО мақсаты – халықаралық қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның мақсаты – ел экономикасына инвестиция тартуға көмектесу, қаржылық қызметтерге инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциясын қамтамасыз ету. www.aifc.kz

АХҚО Tех хабы – бұл жаһандық стартаптар, кәсіпкерлер, корпорациялар, инвесторлар, жетекші салалық сарапшылар мен мамандардың кездесу орны. АХҚО-да технологиялардың дамуы стартаптарды қолдау бағдарламаларын, корпоративтік инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен технологиялар саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынауға мүмкіндік беретін реттегішті қамтиды. https://tech.aifc.kz/

2019 жылдың қыркүйегінде Silicon Valley кәсіпкерлері TUZ Ventures технологиялық қорын құрды. Қор Орталық Азияда, Кавказда және Моңғолияда ерте сатыдағы стартаптарды қолдауға бағытталған. TUZ Ventures аймақтық / жаһандық масштабталатын жобаларға, оның ішінде, финтех, логистика, e-gov және блокчейн мен жасанды интеллект технологияларын қолданатын жобаларға инвестиция салады.

AIFC AI assistant